Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Жұмыс күні мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Қызметкерлер ел рәміздеріне құрмет көрсетіп, әнұранды бірге шырқады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Еліміздің барша азаматтарын бүгінгі атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!