Қызылорда қаласындағы Психикалық денсаулық орталықтарының медицина қызметкерлері арасында волейболдан республикалық спартакиада.
Ағымдағы жылдың 24-25 сәуір күндері Қызылорда қаласында “ПСИХИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ” республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өткізілді.Сондай-ақ «Мұз айдыны» және «Шұғыла» спорт кешенінде Қазақстанның барлық аймақтарынан келген медициналық қызметкерлерден құралған волейбол командалары арасында жарыс өткізілді. Спорттық шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға және спорттың маңыздылығын насихаттау.
Іс-шараның ашылуына Қызылорда облысының дене шынықтыру,спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаев ,ҚР Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков,Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Жетібаев қатысты.
Тартысты жарыс қорытындысы бойынша командалар арасында жеңімпаздарды және үздік ойыншыларды анықтады.Бірінші орынды Қызылорда облысының командасы, екінші орынды Түркістан облысы және 3 орынды Батыс Қазақстан облысының командасы жеңіп алды. Үздік командалар мен ойыншылар мақтау қағаздарымен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.