Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Омарова Ләззат Данишбайқызы №37 орта мектепте ата-аналар, мұғалімдер арасында «Бақытты өмір сүру үшін есірткі, темекі, сыра жойылсын» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Ата-аналармен психикалық белсенді заттарға тәуелді болатын кейбір себептерін талқылады. Ол – психологиялық, әлеуметтік және т.б. себептер болуы мүмкін. Зиянды заттардын адам өміріне, денсаулығына қаншалықты зиян тигізерін атап айтты. Жасөспірімдер, оқушылар арасында психикалық белсенді заттардын алдын алу, әрдайым баланы уақытылы қадағалау, балаға көңіл бөлу сынды тақырыбтар қозғалды. Бала тәрбиесіне мектептен өзге оның ортасы мен отбасының күшті ықпал ететінін ескергеніміз жөн. Жиынның мақсаты баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды.