Мен, Жетібаев Серік Дүйсеніліұлы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында қызметкерлердің отбасында дүниеге келдім. Тараз қаласындағы №5 Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген соң, 1998 жылы Алматы қаласындағы С. Асфендияров атындағы Қазақ медициналық университетіне түсіп, 2004 жылы бітіріп шықтым. Еңбек жолын Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінде қатардағы дәрігерлік қызметтен бастадым, 2006 жылғы қыркүйек айынан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Филиалын басқардым. 2018 жылғы қыркүйек айынан 2020 жылғы сәуір айына дейін Жамбыл облыстық балалар жұпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарып, 2020 жылғы мамыр айынан Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы ұжымын басқарып отырмын.
Өз білім деңгейімді көтере отырып, 2010 жылы медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғадым, 2019 жылы – денсаулық саласындағы экономика және бизнес бойынша магистр дәрежесін алдым. Өз біліктілік деңгейімді көтеру барысында біліктілікті жетілдірудің 10 циклынан, оның ішінде шетелдерде де өттім (Италия – 2010 ж., Турция – 2018 ж.).
Отбасылымын, 4 балам бар.