«Дұрыс таңдау жасау ешқашан кеш болмайды. ПБЗ мен суицидтің алдын алу»
Тараз қаласы №14 орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен аталған орта мектеп оқушыларына арналған жиналыс өтті. Жиналысқа жоспарға сәйкес Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатры Д.Батиш пен дәрігер нарколог Ж.Надыркулов қатысып, мектеп оқушыларына «Дұрыс таңдау жасау ешқашан кеш болмайды ПБЗ алдын алу»және «Суицидтің алдын алу» тақырыбтарында дәріс оқыды.