13 қаңтар күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Қабылжан Қ.Қ, психолог Асылбекова Д.Б қатысуымен Жамбыл облыстық мамандандырылған күзет қызмет басқармасында қызметкерлер арасында семинар кеңес өткізді. Семинардың мақсаты қызметкерлерге денсаулықтарының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Жиында денсаулық жаулары деп аталатын “ішімдік ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық” сияқты зиянды әрекеттерге тоқталды. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік берілді. Максүнемдік, нашақорлық және темекі шегу сияқты зиянды әрекеттер соңғы кезде қоғамда көптеп орын алуда. Қызметкерлерге зиянды заттардың алдын алу, саналы да салауатты өмір сүру жолдары айтылды. Іс-шарға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп тақырыбты толықтай талқылады.Шара соңында видео ролик көрсетілді.