Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігерінің м.а. лауазымына тағайындалды
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының ұжымы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігерінің м.а. лауазымына тағайындалуына байланысты ЖОПДО бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сауранбаев Еркінтай Аштайұлын құттықтады.
Жетібаев Серік Дуйсенәліұлы барлық ұжымның және жеке өзінің атынан Еркінтай Аштайұлына бірлескен жұмысы үшін, қызметкерлерге қайырымды көзқарасы, сауатты басшылығы үшін алғыс айтып, зор денсаулық, өсіп-өркендеуді тіледі.