Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының арнайы шақыртуымен «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының» дінтанушы,теолог мамандары Сәрсенбаев А, Бекмолдаев Б келіп, мәжбүрлеп емдеуге жатқызылған пациенттер арасында деструктивті діни ағымдар туралы сұхбат өткізді. Кездесу кезінде діни экстремизм, терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының дін саясаты бойынша ақпараттар және деструктивті ағымдар коғамды, саяси жүйені бұзуға мақсатталған ағымдар екені айтылды.