Мейірбике күні!
12 мамыр – мейірбикелердің кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев Орталықтың Консультативтік диагностикалық бөлімшесінің инфекциялық бақылау медбикесі – Жиенбаева Жұпар Рысмаханқызына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісін табыс етті.Сондай-ақ өз ісін адал атқарып,денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ,шыдамдылық пен зор еңбегі үшін алғысын білдірді.
Құрметті ұжымдастар Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, жұмыста табыс пен оң өзгерістер, толағай табыстар тілейміз.
Шаңырақтарыңызға шаттық, амандық, жұмыста өркендеу мен барлық жақсылықты тілейміз!