Темекі, насыбай және қорқордың зияны
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Ниязалиева Айнур Асқарқызы № 8 мектеп гимназиясының оқушылары арасында «Темекі, насыбай және қорқордың зияны» тақырыбында дәріс жүргізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет екенін, зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтыратыны туралы толық ақпарат берілді.