Құрметті әріптестер, достар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы құт – береке әкелсін!
Мерекеге орай Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында меркелік жиын өтті. Орталықтың бас дәрігері Жетібаев Серік Дуйсенәліұлы барша ұжымды Наурыз меркесімен құттықтады. Ұжымда ұзақ жылдар бойы атқарған еңбектері және белсенді қызметі үшін дәрігерлерді, орта және кіші қызметкерлерді марапаттады. Сіздерге және сіздің жанұянызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс тілейміз. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!