Өзіне–өзі қол жұмсаудын алдын алу
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Оспанова Динара Маратбекқызы Тараз қаласының №32 орта мектебінде «Өзіне–өзі қол жұмсаудын алдын алу» тақырыбында жоспарға сай дәріс өткізді. Соңғы жылдары адамдардың өз-өзіне қол салу фактілерінің жиілеп бара жатқаны байқалуда. Әсіресе оқушылар, жасөспірімдер арасында орын алғаны көпшілікті алаңдатып отыр. Дәріс барысында өзіне өзі қол жұмсауға қарсы тұратын ішкі сезімдер жасөспірімдердің суицидке бой ұрынуына қарсы тұрушы факторлар туралы ақпараттар айтылды. Өмірге деген құштарлығының жоғары болып, жарқын болашағы мен өмірлерін жоспарлай білуге, жауапкершілікті сезінуді, психикалық ауыртпалықты еңсеру тәсілдерін қолдана білуге кеңес берді.
Егер сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл – болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді.