«Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК коммерциялық және қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулығы
- Жалпы ережелер
- «Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның (бұдан әрі – ЖОПДО) коммерциялық және қызметтік құпиясының сақталуын қамтамасыз ету бойынша осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер туралы жалпы нормаларды, сондай-ақ құпияның заңсыз ашылуынан қорғауға бағытталған шараларды белгілейді.
- ЖОПДО коммерциялық және қызметтік құпиясы үшінші тұлғаларға белгісіз болғандықтан нақты немесе ықтимал коммерциялық құны бар басқару, қаржы, технологиялық ақпарат және басқа да қызметпен байланысты мәліметтерден тұрады, олар жария етілуі (берілуі, таратылуы) ЖОПДО мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болатындай заңды негізде еркін қолжетімді емес.
Коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер тізбесі осы Нұсқаулықтың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада анықталған.
- Коммерциялық және қызметтік құпияға жатпайды:
- ЖОПДО-ның құрылтай құжаттары;
- бос жұмыс орындары, олардың саны мен санаттары туралы мәліметтер;
- еркін қол жеткізілуі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, ЖОПДО Жарғысы мен басқа да ішкі құжаттарымен қарастырылған басқа мәліметтер.
Міндетті жариялануға жататын немесе ЖОПДО-ның Жалғыз қатысушысына міндетті жеткізілуі қажет ақпараттың құрамы ЖОПДО-ның ақпараттық саясаты туралы Ережесімен белгіленеді.
- Коммерциялық және қызметтік құпияны қорғау жоғарыда аталған мәліметтерді кез келген қабылдауға қолжетімді нысанда коммерциялық және қызметтік құпияға рұқсаты жоқ белгілі немесе белгілі емес тұлғалар арасында жариялануына тыйым салудан тұрады.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат дереккөздерімен тек қана құқықтары мен мүдделері қозғалып жатқан азаматтар, сондай-ақ осындай ақпаратқа қол жеткізу құқығына ие тұлғалар таныса алады.
- Коммерциялық құпияны қамтитын құжаттарда, істерде және басылымдарда оларға бөгде тұлғалардың қол жеткізуін болдырмау мақсатында «Құпия» белгісі, қызметтік құпияны қамтитын құжаттарда «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгісі қойылады.
ЖОПДО сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, валюталық-қаржылық және басқа да кәсіпкерлік қатынастарды, оның ішінде оларды шетелдік серіктестермен жүзеге асыру барысында жасалатын шарттарда құпияны сақтау жөніндегі шарттарды қарастырады немесе коммерциялық құпиядан тұратын мәліметтер сипаты, құрамы, сондай-ақ заңнамаға сәйкес оның сақталуын қамтамасыз ету бойынша өзара міндеттер келісілетін бөлек шартқа қол қояды.
- ЖОПДО-ның коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерді беру, ашық жариялау қажеттілігін, олардың көлемі, нысаны және жариялану (берілу) уақытын ЖОПДО бас дәрігері анықтайды.
- Келісімдік негізде немесе сенімділік негізінде алынған немесе бірлескен қызметтің нәтижесі болып табылатын мәліметтерді ашық жариялау үшін пайдалану тек қана серіктестердің ортақ келісімімен рұқсат етіледі.
- ЖОПДОның коммерциялық және қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерге қолжетімділік
- ЖОПДО-ның коммерциялық және қызметтік құпиясын құрайтын мәліметтерге уәкілетті орган, Қадағалау Кеңесінің мүшелері, Қадағалау кеңесінің Хатшысы, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, іс қағаздарын жүргізу мен құпия жұмысқа жауапты адам, көрсетілген құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін адам қол жеткізе алады.
ЖОПДО-ның қалған жұмысшылары коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын мәліметтер мен құжаттарға тек өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті көлемде ғана рұқсат алады.
- ЖОПДО жұмысшысының ЖОПДО-ның коммерциялық және қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерге қол жеткізуі ол еңбек шартының ажырамас бөлігі болып табылатын осы мәліметтерді жарияламау туралы құжатқа қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.
Өзінің қызметтік міндеттері есебінен ЖОПДО-ның коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясынан тұратын мәліметтерге қол жеткізе алатын қызметкерді, сондай-ақ осындай мәліметтер сеніп тапсырылған қызметкерді ЖОПДОның тиісті бөлімшесі осы Нұсқаулықпен таныстыруы қажет.
- ЖОПДО-ның коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын құжаттар берілген құжаттарда көрініс тапқан ақпарат құзыретіне жатқызылатын ЖОПДО-ның құрылымдық бөлімшелерінде сақталады.
Бір құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне басқа бір құрылымдық бөлімшеде сақталған коммерциялық және/немесе қызметтік құпияға рұқсат беру соңғысының басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
- Коммерциялық немесе қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсат алған қызметкерлер қолданыстағы заңнамаға, осы Нұсқаулыққа және еңбек шартына сәйкес коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды есепке алу, қолдану, көбейту, сақтау және жою тәртібін сақтауға жеке жауапкершілік алады.
- Қызметкер жұмысқа қабылданған күннен бастап еңбек шартын бұзғаннан бес жыл өткенге дейін оған жұмыс бойынша таныс болған коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді құпияда сақтауға, осындай мәліметтердің жариялануына алып келуі мүмкін өзге тұлғалардың іс-әрекеттерін тоқтатуға міндетті.
- Бөгде ұйымдардың қызметкерлеріне осы ұйымдар мен ЖОПДО арасында құпиялылық туралы келісімшарттар және/немесе шарттар болған жағдайда, олар жұмыс істейтін ұйымдар дәлелді жазбаша сұрау салғанда ЖОПДО-ның коммерциялық немесе қызметтік құпиясын қамтитын құжаттармен танысуға және олармен жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін.
- Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Олардың болуын тексеру.
- ЖОПДО-ның коммерциялық және қызметтік құпиясын қамтитын құжаттар қызмет бөлмелеріндегі олардың физикалық түгелдігін қамтамасыз ететін нық бекітілетін және өртенбейтін сейфтерде, металл шкафтарда (жәшіктерде) сақталуы қажет.
- Коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын компьютерлер міндетті тәртіпте құпиясөзбен қорғалуы қажет.
- Коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері олардың сақталуын толық қамтамасыз ету шартымен,орындаушының жеке жауапкершілігінде, тапсырманы орындауға қажет мерзім ішінде оның қолында болуы мүмкін.
- Қызметкерлерге коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін жұмыс үстелдерінде, желілік принтерлерде және ксерокстерде қалдыруға жол берілмейді.
- Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды жоғалтып алу немесе оларда қамтылған мәліметтердің жариялану фактілері туралы құрылымдық бөлімшенің жетекшісіне және Әкімшілік бөлімнің іс қағаздарын жүргізуге және құпия жұмысқа жауапты қызметкеріне дереу хабарланады. Бұл ретте аталған тұлғалар құжаттардың жоғалу мән-жайы туралы хабардар етілуі қажет.
- Коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың жоғалу фактілерін немесе осы материалдардағы мәліметтердің жариялану фактілерін қызметтік тергеу үшін ЖОПДО бас дәрігерінің бұйрығымен комиссия құрылуы мүмкін. Комиссияның осындай фактілерді тергеу барысында жинаған материалдары мен тергеу нәтижелері туралы комиссия қорытындысы (акт) кінәлі тұлғаларды заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады.
- «Құпия», «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгілері бар құжаттарды қабылдау, есепке алу және олармен жұмыс істеу тәртібі ЖОПДО-ның іс қағаздарын жүргізу бойынша Нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осындай құжаттардың болуын тексеруді ЖОПДО-ның іс қағаздарын жүргізуге және құпия жұмысына жауапты тиісті бөлімшенің қызметкері, жылына бір реттен сирек емес
жүргізеді.
- Коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді пайдаланумен байланысты шектеулер
- ЖОПДО-ның коммерциялық және қызметтік құпиясына рұқсаты бар қызметкерлер:
- оларға орындайтын жұмысына байланысты мәлім болған коммерциялық және қызметтік құпияны сақтауға;
- осы Нұсқаулықтың, коммерциялық және қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша басқа да ережелердің, бұйрықтардың талаптарын орындауға;
- коммерциялық және қызметтік құпия туралы хабардарлығын бәсекелі іс-әрекет нәтижесінде ЖОПДО-ға нұқсан келтіруі мүмкін қызметпен айналысу үшін қолданбауға;
- жұмыстан босатылған жағдайда коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны құрайтын мәліметтердің барлық нұсқаларын өзінің тікелей жетекшісіне немесе ол қабылдау-беру актісінде көрсеткен тұлғаға беруге міндетті.
- Қызметкерлерге:
- бөгде тұлғалардың немесе берілген мәселелер құзыретіне жатпайтын ЖОПДО қызметкерлерінің көзінше ЖОПДО-ның коммерциялық және/немесе қызметтік құпиясының мазмұнына қатысты әңгімелесуге;
- коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын мәліметтерді басшылықтың тиісті тапсырмасы мен рұқсатынсыз, ашық баспада жариялануға арналған құжаттарда, мақалаларда, сөз сөйлеулерде, сұхбаттарда қолдануға;
- коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді жеке сұрақтар, шағымдар, өтініштер бойынша
арыздарда жазбаша баяндауға; - жеке блокноттарда, қойын дәптерлерде, жеке компьютерлерде коммерциялық
құпияны ашатын жазбалар, есептер және т.б. жасауға; - тиісті рұқсатсыз коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттардың көшірмелерін түсіруге;
- жұмыс үстелдерінде жұмысқа қажет емес коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды жинауға;
- құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін ЖОПДО басшыларының рұқсатынсыз коммерциялық және/немесе қызметтік құпияны қамтитын құжаттарды ғимараттардан, кеңселерден алып шығуға;
- коммерциялық және қызметтік құпияны қамтитын «Құпия», «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «ҚБПҮ» белгілері бар құжаттар мен басылымдардың және басқа да құжаттардың мәліметтерін жаһандық және жергілікті ақпараттық желілерде орналастыруға тыйым салынады.
- Жауапкершілік
- Коммерциялық немесе қызметтік құпияны жариялау немесе заңсыз пайдалану жағдайында қызметкер өзіне тәртіптік, азаматтық-құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да жауапкершілікті алады.
Коммерциялық және қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша Нұсқаулыққа Қосымша
Коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер тізбесі
- » Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы » ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЖОПДО) коммерциялық құпиясын келесі мәліметтер құрайды:
- ЖОПДО басшылығы мен органдарының өндірістік, коммерциялық, ұйымдастырушылық және басқа да сұрақтар (ЖОПДО-ның органдары мен лауазымды тұлғаларының шешімдері мен олардан келіп шығатын басқа материалдар мен құжаттар) бойынша жеке шешімдерді дайындауы, қабылдауы және орындауы бойынша мәліметтер;
- ЖОПДО-ның даму Жоспары бойынша мәліметтер;
- ресми түрде жарияланбаған инвестиция жоспарлары, нарыққа жаңа тауарларды, өнімдер мен қызметтерді шығару туралы мәліметтер;
- маркетингтік зерттеулер мен нарықты зерделеу нәтижелері туралы, нарық жағдаятының жай-күйі мен даму болашағын бағалауды қамтитын ақпарат;
- оның ішінде, бастапқы құжаттардың мазмұны:
- банктік құжаттардың (операциялар бойынша банк шоттары);
- кассалық құжаттардың (ақшалай қаражатты кірістеу мен жұмсау және касса қалдығы);
- ЖОПДО жұмысшыларының жалақысына төлемдердің, материалдық көмектің, сыйлықақының көлемі туралы ақпарат;
- бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны;
- ішкі бухгалтерлік есептіліктің мазмұны;
- кредит мекемелеріндегі, басқа да қаржылық ұйымдардағы (банктердегі) ашық есеп айырысу және басқа шоттар туралы, оның ішінде шетел валютасында, осы шоттар бойынша қаражаттың қозғалысы және осы шоттардағы қаражат қалдығы туралы мәліметтер, банктерде бар салымдар туралы мәліметтер, оның ішінде шетел валютасында;
- қаржылық құжаттар:
- ЖОПДО бюджетінің мазмұны;
- ЖОПДО-ның даму Жоспарларының (қаржылық-шаруашылық қызметтің жоспарлары) мазмұны;
- серіктестермен есеп айырысу, ЖОПДО-ның дебиторлық және кредит бойынша берешегі туралы мәліметтер;
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ЖОПДО-ның сатып алуға қатысуы үшін ұсыныстар дайындау;
- белгіленген рәсімге сәйкес, ықтимал жеткізушілерге ашылуға дейінгі ЖОПДОның конкурстық ұсыныстары;
- отандық және шетелдік мердігерлер, жеткізушілер, контрсеріктестер (контрагенттер), демеушілер, инвесторлар, делдалдар туралы мәліметтер, сондай-ақ олармен өзара қарым-қатынас, олардың қаржылық жай-күйі, келісімшарт шарттары туралы ашық дереккөздерде қамтылмайтын басқа да мәліметтер ;
- ЖОПДО-ға келісімдік негізде берілген серіктес ұйымдардың коммерциялық құпиясы (құпиялылық туралы келісімшарт жасалған);
- іскерлік серіктестермен келіссөздер жүргізуге дайындық пен оның нәтижелері туралы мәліметтер;
- ЖОПДО жасайтын және жасаған мәмілелер, оның ішінде жасалатын және жасалған шарттар, олардың пәні, мазмұны, бағасы және басқа да маңызды шарттар;
- ЖОПДО-ның штаттық кестесі мен штаттық орналастыру;
- күзеттік сигнал беру жүйесінің тәртібі мен жай-күйі туралы мәліметтер;
- ЖОПДО-ның коммерциялық және қызметтік құпиясының қорғалу тәртібі мен жағдайы туралы мәліметтер;
- ашық дереккөздерде ресми түрде ұсынылғанға дейін медицина мүмкіндіктерінің сапалы жаңа деңгейін анықтайтын медициналық ғылым мен техника саласындағы зияткерлік меншік нысанына, бизнес жүргізудегі ноу-хауға қатысты мәліметтер;
- ЖОПДО-ның ақпараттық жүйесі мен қолданылатын ақпараттық қорғау тәсілдері туралы деректер;
- бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес ашылуға жататын ақпаратты қоспағанда, бағалы қағаз иелерінің тізілімі жүйесіндегі дербес шоттарда эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы мен олардың иелері туралы, осы шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдығы мен қозғалысы туралы деректер;
- ЖОПДО-ның қызметтік құпиясын келесі мәліметтер құрайды:
- ЖОПДО жұмысшыларының жеке істеріндегі мәліметтер, оның ішінде олардың жеке деректері;
- ЖОПДО қызметкерлері құрамының сипаты мен беделіне өзінің баға беруі;
- ЖОПДО актілері (кадрлық, өндірістік бұйрықтар);
- ведомстволық статистикалық есептілік;
- ЖОПДО жұмысшыларына еңбекақы төлеу жүйесі туралы мәліметтер;
- ЖОПДО-ның кадрлық статистикасы