Нашақорлық кауіпті дерт
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері Тұрсынбекова А.Ә және Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» маманы Елемесов А.С қатысуымен №42 орта мектебінде «Нашақорлық кауіпті дерт» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді. Мектеп оқушыларына зиянды заттардан аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Мамандарға сұрақтар қойылып, бейне ролик көрсетілді.