Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Омарова А.С «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қорғау » орталығында «Өмір ғажап бекерге тәуекелге барма» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты қазіргі кездегі дертке айналып бара жатқан нашақорлық, ішімдік ішу, темекі тарту тағы да толып жатқан теріс қылықтардан оқушыларды сақтандыру. Кездесу барысында балалар арасында тақырып қызу талқыланып, баяндама оқылды және бейнеролик көрсетілді.