Кім бірінші сақтанса, соған екінші жастық шақ келеді
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Нурпейсов Ерғали Серікұлы Тараз қаласының “ALEM” кәсіби білім беру колледжінің студеттері арасында «Кім бірінші сақтанса, соған екінші жастық шақ келеді» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістің мақсаты әр бір азаматтың денсаулығы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы сондықтан денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін ережелерді орындап, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені және оларды қолданудың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер қойған сұрақтар талқыланып, бейнеролик көрсетілді.