Ішімдік және нашақорлық
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Кабылжан Құрмаш Кабылжанұлының қатысуымен «Ішімдік және нашақорлық» тақырыбында Жамбыл ауданы бойынша “Бауыржан Момышұлы”, “ Шөл дала”, “ Ақ суат ”, “Бесағаш” шекара бөлімшелерінде кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, ішімдікті, есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Нашақорлыққа, ішімдікке салынған адамның қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға көзқарасы өзгеріп, көңіл-күйі аяқ астынан жиі төмендейді және психика, жүрек қан-тамырлары және жүйке жүйесі, сонымен қатар бауыр, бүйрек қызметі бұзылып, адамның ой-өрісі төмендейді. Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды ерік-қайратынан айырады.
Кездесу барысында денсаулықа жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын сақтауға шақырып толық мағұлмат берді.