Жасөспірім кезіндегі темекі шегу
Темекі –адамдардың денсаулығы мен бүкіл қоғамға зиянын келтіретін кең таралған жаман әдеттердің бірі. Жасөспірімдер үшін темекі тартудың зияны; Темекі тартқан кезде жасөспірімдердің жадысы қатты зақымданады. Алғашрет 25 жастан бастап тартқандарға қарағанда, жасөспірім (20 жасқа дейін) шағынан бастап тартқан адамдардың арасында өлім жағдайы анағұрлым жоғары болады.Темекі шегетін жасөспірімдер ересектерге қарағанда қауіп қатерге көбірек шалдығады. Жасөспірімдердің темекі тарту кезінде қатты уланудың байқалуы сияқты, соңғы уақытта окулистерде соқырлықтың жаңа атауы – темекі амбилиопатиясы пайда болды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің сілемейлі көз қабықшасы темекі түтіні өнімдерімен ластануына сезімтал келеді.. Никотин мен смола тұнбасы тістің түсінің өзгеруіне алып келеді, ақырында қызыл иектің ауруларының көбеюіне ықпал етеді. Тіптен адам дауысының өзгеруі де мүмкін. Сондай –ақ, асқазанда жараның пайда болуына әкеп соқтыруы да ғажап емес. Бұдан бөлек темекі шегушілік өкпе мен көмекей қатерлі ісігіне де ұшыратады. Темекіні жиі-шегетін адамдардың миды қамтитын тамырларының қатаюы пайда болып, оттегі жетіспеушілігі дамиды, содан соң ми жасушалары өледі және ол орнына қайтып келмейді. Темекіге әуес жандар жүрек ауруларына жиі шалдығады. Темекі шегу тез қартаюдың бірі себебі. Ол терідегі қан айналысының, оттегінің бұзылуына себеп болады. Сонымен қатар, адам терісінде әжімнің ерте кезден пайда болып, сырт келбеттің бұзылуына әкеп соқтырады. Жастар үшін темекінің бағасы міне осындай. Өкінішке орай жасөспірімдер жас ерекшелігіне қарай темекі тартудың қиын салдарларын толық дәрежеде түсінбей келеді.