Айналаңа қара, сен жалғыз емессің. Күйзелісті болдырмау үшін ар кім не істей алады.
Ағымдағы жылдың 28-ші желтоқсан күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Бәтіш Даулет Батайұлы №59 орта мектептің оқушылыры арасында «Айналаңа қара, сен жалғыз емессің», «Күйзелісті болдырмау үшін ар кім не істей алады» тақырыбында кезекті семинар өткізді. Егер сіз өзіңізде күйзелістік көріністердің барын байқасаңыз, онда міндетті түрде оны бақылау әдістерін қолдану туралы жан- жақты ақпараттар беріліп, күйзеліс адамның өмірге деген қызығушылығын жоғалтуына, суицидтік әрекеттер мен өзін-өзі өлтіру әрекетіне алып келетінін ескертті.