№33 мектеп-гимназиясында дәріс «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Психикалық денсаулық және өмірге оң көзқарас».
Тараз қаласы №33 мектеп- гимназиясында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр – дәрігері Оспанова Д.М «7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні.Психикалық денсаулық және өмірге оң көзқарас» тақырыбында оқушылар арсында жоспарға сай дәріс өткізді. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, психикалық денсаулығын нығайту және суицидтің алдын алу туралы толық ақпарат берілді.