Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесуі
2022 жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Раззак Назиля Раззакбаевна және Нурымова Гулдара Алданышқызы өткізілетін референдум бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлерімен кездесті.
Өз сөзінде Назиля Раззакбаевна «Өздеріңіз біліп отырғандай, Негізгі Заңның 33 бабы өзгертіледі, атап айтқанда Президент өкілеттіктерін қысқарту, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтардың қоғамды басқаруға қатысуын айтарлықтай кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту. Жоспарланған реформалар атқарушы органдар басшыларының өкілетті билік пен жергілікті қоғамдастықпен байланысын күшейтеді»- деп атап өтті.
Өз кезегінде Гулдара Алданышқызы жоспарланып отырған реформа қоғамды демократияландыруға және адам құқығын күшейтуге ықпал ететіндігін айтты. «Алғаш рет, 1995 жылдан бастап конституциялық реформа тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады, сондықтан оған елдің барлық азаматтарының қатысуы маңызды» – екендігін атап сөзін аяқтады.
Депутаттар Республикамыздың Конституциясында қабылданатын түзетулерді түсіндірді.
Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Жетибаев Серик Дуйсеналиевич орталық қызметкерлері атынан, депутаттарды ұжым арасында ел Конституциясына енгізілетін түзетулер талқыланып және жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығы түсіндірілгендігін, барлық қызметкерлер референдум өткізуге белсенді қатысатынына сендірді. Біз Президенттің реформасын қолдаймыз, себебі Отанымыздың болашағы олардың жүзеге асырылуына тікелей байланысты.
Кездесу барысында депутаттар Орталықтың жұмысының негізгі бағыттарымен, сондай ақ, синтетикалық және дизайнерлік есірткі заттарды анықтауға қабілетті, жоғары жиілікті жабдықтармен жабдықталған, токсикохимиялық зертхананың және де пациенттерге арналған физиокабинет пен тренажерлы спорт залдың жұмыстарымен танысты.