«Шизофрения терапиясының заманауи әдістері» тақырыбындағы облыстық конференция.
2022 жылғы 16 қыркүйекте Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК клиникалық бөлімшесінің меңгерушісі Н. Б. Есімов,Атырау қ. психикалық денсаулық орталығы директорының Психиатриялық Қызмет жөніндегі орынбасары Д. Т. Қожантаевтың қатысуымен «шизофрения терапиясының заманауи әдістері» мәселесі бойынша облыстық конференция өтті. Шымкент қ.психикалық денсаулық орталығының дәрігері Р. Р. Амирова шизофренияны емдеудің жаңа тәсілдері мәселелері бойынша орталық дәрігерлерімен стационар және амбулаториялық буын дәрігерлерімен жан-жақты диалог өткізді. Ұзартылған терапияның тиімділігі мен рөлін арттыруға көп көңіл бөлінді. Науқастарды клиникалық талдау барысында шизофренияны емдеудің практикалық тәсілдері кеңейтілді.
Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Жетибаев Серік Дүйсенәліұлы қонақтарға мазмұнды баяндамалары мен мол тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. Соңында ол жақсы маман оқуды тоқтатпайтын маман екенін атап өтті.