Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне құттықтау.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында ҚР Кәсіподақтар күні мерекесіне орай жиын өтті.Жиында орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев кәсіподақтың негізгі мақсаттары қызметкерлердің құқықтарын қорғау,әлеуметтік жағдайын жақсарту екенін айтып ,ары қарай іскерлік қатынастар орнатып қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету бағытында табысты еңбек ете берулеріне тілектестік білдіріп шын жүректен құттықтады. Кәсіподақ алдындағы ерекше еңбегі, жемісті көп жылдық жұмысы және кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына, нығаюына және дамуына қосқан елеулі үлесі үшін орталықтың бірнеше қызметкерлеріне Жамбыл облысы бойынша “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы төрайымының Құрмет грамоталарын және алғыс хаттарын табыс етті.