Ағымдағы жұмыс.
Облыстық психикалық денсаулық орталығы психикалық денсаулық саласында халыққа қолжетімді білікті көмек көрсетеді. Сондай-ақ, жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, банк карталарын алу түріндегі әлеуметтік көмек, әртүрлі кәсіптер туралы ақпарат және жұмысқа орналасу үшін кеңес беріледі. Тәуелді туыстармен жұмыс белсенді жүргізілуде. Өздері үшін оң қорытынды жасаған пациенттердің көпшілігі кейіннен жұмысқа орналасады, толық динамикалық бақылаудан өтіп, есептен шығарылады. Мұндай науқастар мен олардың туыстары жиі ризашылықтарын білдіреді.
Орталықтың дәрігерлері мен медицина қызметкерлері емделіп шыққан науқастардың туыстарынан алғыстарға бөленуде. Жақында ғана қарт ана өзінің баласының көптен бері ішімдіктен арыла алмай жүргеніне қынжылып жүрген, теледидар арқылы маман дәрігердің берген сұхбаты бойынша орталыққа келіп, ұлын тез арада бөлімге жатқызып, емін уақытылы алып, қалыпты өмірге бет бұрғанын айтып, шын жүрегінен алғысын білдірді.