Халықаралық Қарттар Күні
Құрметті қариялар!Сіздерді 1 қазан Халықаралық Қарттар Күні мерекесімен құттықтаймыз!
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан біздің салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың денсаулық сақтау саласында қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері, әрқашанда есімізде.Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Алдағы уақытта да әрдайым кейінгі толқынға қолдаушы болып жүре беріңіздер. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяңызға баянды бақыт тілейміз.