N47 орта мектеп оқушылары арасында дәріс.
Тараз қаласының білім бөлімі № 47 орта мектепте Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері А. А. Ниязалиева білім алушыларға «Абайлаңыз!Синтетикалық есірткіні қолданудың алдын алу «тақырыбында дәріс оқыды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі заттарын қолданудың алдын алу бойынша ақпараттық – коммуникациялық материал (парақшалар, буклеттер) таратылды.