«Жамбыл облысының психикалық денсаулығын қорғау қызметінің жағдайы мен даму болашағы»
ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26 наурызында Жамбыл облыстық қан орталығының конференц залында «Жамбыл облысының психикалық денсаулығын қорғау қызметінің жағдайы мен даму болашағы» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің міндеттері Облыстың психикалық денсаулығын қорғау қызметінің жай-күйінің өзекті мәселелерін талқылау, психиатр-дәрігерлерінің психикалық бұзылулары бар пациенттерге әлеуметтік-оңалту көмегінің қазіргі заманғы тәсілдері туралы өңірдегі ақпараттану деңгейін арттыру, МСАК-да ПДҚҚ интеграциясы мәселелері, амбулаториялық қызметті оңалтуды дамтыу бойынша басқа өңірлермен тәжірбие алмасу болып табылады. Семинар-кеңеске Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, облыстық орталықтың (стационар және амбулаторлық қызмет) психиатры, аудандық психиатры, Тараз қаласының амбулаториялық-емханалық ұйымдарының өкілдері (бас дәрігерлер мен провизорлардың орынбасарлары) қатысты. Семинар барысында «Жамбыл облысының тұрғындарына амбулаториялық психиатриялық көмекті дамыту», «Пациентке бағдарланған тәсілді ескере отырып, дәрілік қажеттілікті қалыптастыру мәселелері», «Психиатр және ЖТД МСАК дәрігерлерінің кешенді жұмысы – қайталама алдын алудың тиімділігі» атты баяндамалардың презентациялары көрсетілді.