Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында “Сенім” бастауыш партия ұйымының мүшелерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында талқылау жұмыстары жүргізілді.Орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев Жолдаудың маңызды бастамаларын атап айтып,толығымен қолдайтынын және ұжымды Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосуға шақырды.




