7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты – жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948ж. 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. Бұл күнді атап өту 1950 жылдан бастап дәстүрге айналған. ДДҰ әр жылды медицинадағы көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады. Бұл шара адам өз өмірінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдауы үшін өткізіледі. ДДҰ әр адам өз денсаулығын сақтап, күтуге жауапты екендiгiн естен шығармауды ұсынады.
Бүгін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» арнап флешмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар, орталықта осы атаулы күнге орай 1-10 сәуір аралығында «Ашық есік» күні 10 күндігі жарияланды. Орталықтың бөлімшелерінде ем қабылдап жатқан науқастармен денсаулықтың маңыздылығы туралы, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық әңгімелесулер өткізілді.