Терроризм жағдайы орын алған кездегі іс әрекеттер
Бүгін 2019 жылдың 24 мамыры күні Тараз қаласы ПБ ЭҚІҚб қызметкерлері террористік тұрғыдан осал нысандар тізімінде бар, адам көп жиналатын орынға жататын Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында қызметкерлердің қатысуымен «Халықтың терроризмге қарсы бастапқы дайындығы», «Бейтаныс, иесіз, күдікті зат табылған жағдайдағы іс-қимыл ережелері» атты тақырыпта дәріс өткізді. Жиынға қатысушыларға Тараз қаласы ПБ ЭҚІҚб-нің бастығы полиция майоры Танабаев Б., террористік актілері орын алған жағдайда халықтың бастапқы дайындық тақырыбында, сонымен қатар террористік қауіптің алдын-алу үшін қандай іс-шаралар ұйымдастыру керек екендігі және террористік тұрғыдан осал объектілері басшыларының жауапкершілігі туралы баяндама жасады. Оқу-жаттығу барысында 30.11.20109 жылғы №450 ҚР ІІМ бұйрығына сәйккес «102» телефоны арқылы хабарласа алатындықтары жөнінде және 09.01.2016 жылғы № 685 ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес террористік актінің алдын алу бойынша дер кезінде хабар бергендігі үшін сыйақымен марапатталатындығы түсіндіріліп, соңынан «Опередить на шаг» пен «Мектеп-Антитеррор» атты бейнефильмдер мен «Террористік іс-әрекеттер кезіндегі іс-қимылдар туралы Жаднама» слайд ретінде көрсетілді.