«Нашақорлық – ортақ қасірет»
Бүгін облыс әкімінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Нашақорлық – ортақ қасірет»атты кездесу өтті.Аталмыш жиынға Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Л.Омарова тақырыптық баяндама жасады.