«Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК ІСКЕРЛІК ЭТИКА КОДЕКСІ
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
- «Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық ЖОПДОның (бұдан әрі – ЖОПДО) іскерлік этика Кодексі (бұдан әрі- Кодекс) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғыға және ЖОПДО-ның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес әзірленеді және ережелер мен қағидалар жиынтығы болып табылады.
- Кодекс ЖОПДО-ның барлық мүдделі тұлғаларымен өзара қарым- қатынасының этикалық жағын, корпоративтік қатынастардың этикалық нормаларын, сондай- ақ этикалық нормалардың ЖОПДО мен оның қызметкерлерінің күнделікті қызметіне әсерін реттемелейтін құжат болып табылады.
- Кодекстің ережелері атқарып отырған лауазымына қарамастан ЖОПДО-ның лауазымды тұлғалары мен барлық қызметкерлеріне қолданылады.
- ЖОПДО басшысы ЖОПДО қызметкерлері білдіре бермейтін ашықтық пен жауапкершілік шарттарын жасауға жауап береді және заңсыз іс- әрекеттерге жедел ден қояды.
- ЖОПДО қызметкерлерінің ең басты міндеттері ЖОПДО-да белгіленген этикалық нормаларды ұстану және моральдық нормаларды сақтау болып табылады.
- Этикалық нормаларды тиісті деңгейде қолдау үшін Қызметкерлер олардың ЖОПДО-да сақталуы және өзі жоғары стандарттар бергілеу үшін өзіне жауапкершілік алады.
- Кодекстің мақсаты:
1) ЖОПДО-ның барлық Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлер стратегиялық маңызды шешімдер қабылдаған кездегі сияқты күнделікті жағдайларда да басшылыққа алатын негіз қалаушы құндылықтарды, қағидалар мен ережелерді бекіту;
2) Ұжымда сенім, өзара құрмет және парасаттылық ахуал жасау үшін ЖОПДО-да жоғарғы этикалық мінез- құлық стандарттарына негізделген бірыңғай Корпоративтік мәдениетті дамыту;
3) Атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық қызметкерлердің Кодекс нормаларын біркелкі түсінулері және орындаулары.
4) ЖОПДО-ның корпоративтік басқару тетіктерінің тиімділігін көтеруге және Мүдделі тұлғалармен жемісті өзара іс- қимыл жасауға жәрдемдесу;
5) Іскерлік мінез-құлықтың озат тәжірибелерін қолдану арқылы мемлекет пен іскерлік қоғамдастық тарапынан ЖОПДО-ға деген сенімді арттыру және сақтау болып табылады.
- Кодекс ЖОПДО-ның өзге де ішкі құжаттарымен бірге қолданылады және ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің іскерлік мінез- құлық нормалары мен қағидаларын сақтаудағы қызметтерін көрсетеді.
- Кодексте көрсетілген нормалар мен қағидалар тізбесі түпкілікті болып табылмайды және белгілі бір алғышарттар немесе жағдайлар туындаған жағдайда Қағидалау Кеңесі оны нақтылауы, өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.
- ЖОПДО-ның барлық лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері нәсіліне, тіліне, саяси және діни сенімділіктеріне, жынысына, ұлтына мәденитіне қарамастан адал және қарым- қатынас жасауға құқылы. Қандай да болмасын кемсітушілік немесе ығыстырушылық осы Кодекске қайшы келеді және қолайсыз мінез- құлықты білдіреді. Егер қандай да бір лауазымды тұлға немесе ерекше мінез танытса онда оған қатысты тәртіптік іс- әрекет шаралары қолданылатын болады.
- ЖОПДО өз қызметкерлерінің бойындағы және жұмысындағы:
1) ЖОПДО-ның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағдарлануын;
2) Кәсіби шеберлігі мен өзінің кәсіби деңгейін көтеруге деген ұмтылсын;
3) Лауазымдылық міндеттерін орындау кещзіндегі бастамашылвғв мен белсенділігін;
4) Тәртіптілігі мен жауаптершілігін;
5) Қызметкерлер арасында бір- бірлерін өзара қолдауларын;
6) ЖОПДО-ның жас мамандарына көмектесулерін бағалайды.
- ЖОПДО-ның қызметі Іскерлік этика мен мінез- құлық ережелерінің талаптарының сақталуы негізінде құрылған ЖОПДО мен барлық мүдделі тұлғалардың қарым- қатынастарына негізделген.
- Кодексте мынадай түсініктер мне терминдер қолданылады:
Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
Іскерлік этика – ЖОПДО, оның Лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын іскерлік мінез- құлықтыңэтикалық қағидалары мен нормалардың жиынтығы;
Лауазымды тұлға – Қадағалау кеңесінің мүшесі және/ немесе ЖОПДО басшылығы;
Мүдделі тұлға – бұл ЖОПДО онымен шарттық қатынастарға түсуге ниетті жеке және заңды тұлғалар, сондай- ақ ЖОПДО-ға байланысты мәмілелерге қатысы бар тұлғалар.
Заңнама- бергіленген тәртіпте қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы;
Мүдделер қақтығысы – ЖОПДО қызметкерлерінің жеке басы мүдделерінің оның ШЖҚ РМК қатысты міндеттерімен келіспеушілігі кезіндегі және ЖОПДО Қызметкерінің жеке басының мүдделілігі өз лауазымдылық міндеттерін қалтқысыз орындауына әсер етуі мүмкін жағдайлар;
Корпоративтік мәдениет – ЖОПДО үшін ерекше құндылықтар мен қағидалар, іскерлік өзара қарым-қатынастың этмикалық нормалары, мінез- құлық нормалары;
Корпоративтік қатынас – Жалғыз қатысушы мен ЖОПДО органдарының арасында туындаған келіспеушіліктер немесе даулар немесе мынадай салалардың біріне алып келуі мүмкін ЖОПДО органдарының еліспеушіліктер немесе даулар:
Қолданыстағы заңнаманың, ЖОПДО Жарғысының немесе ішкі құжаттары нормаларының, Жалғыз қатысушы құқықтарының бұзылуы;
ЖОПДО-ға қойылатын талаптар;
Әлеуметтік жауапкершілік – ЖОПДО-ның, мемлекет пен қоғамның өзара мүдделеріне жауап беретін жеке өзі қабылдаған міндеттемелердің орындалуы;
Қызметкер – ЖОПДО мен еңбек қарым- қатынастарында тұрған еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындаушы тұлға;
Корпоративтік қақтығыстарды реттеу – Корпоративтік қақтығыстардан сақтандыруға немесе оны шешуге бағытталған рәсімдер кешені жүзеге асыру.
2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
- ЖОПДО уәкілетті органмен, мемлекеттік органдармен, ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғаларымен және Қызметкерлерімен, әріптестерімен, басқа да мүдделі тұлғалармен, тұтастай алғанда ЖОПДО-мен өзара қарым- қатынаста стратегиялық маңызды корпоративтік шешімдер қабылдаудағы сияқты ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері күнделікті жұмыста кез болатын жағдайларда да осы Кодекстің талаптарын қабылдайды және ұстанады.
- ЖОПДО-ның қызметі қалыптасатын негіз қалаушы корпоративтік құндылықтар оның қызметкерлерінің парасаттылығы, сенімділігі және кәсіби шеберліктері, қызметтерінің тиімділігі, өзара көмегі, бір- біріне, мүдделі тұлғаларға және тұтастай ЖОПДО-ға деген құрметі болып табылады.
- ЖОПДО-ның негіз қалаушы корпоративтік қағидалары:
1) Құзыреттілік және кәсіби шеберлік – ЖОПДО қызметкерінің тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі, салмақты және жауапты шешімдер қабылдай білуі қажет. ЖОПДО өз қызметкерлерінің кәсіби білімімен дағдыларының деңгейін көтеру, кәсіби, шығармашылық қабілеттерін іске асыру, мансаптық өсу әлеуеті мен мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдайлар жасайды;
2) Патриотизм – ЖОПДО-ға мемлекет тарапынан жүктелген жоғары сенім және оның әлеуметтік жауапкершілігі патриотизм және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал ету сезімін туғызады.
3) Ашықтық – ЖОПДО өзі туралы ақпараттың, оның жетістіктері мен қызметі нәтижелерінің барынша жоғары ашықтығына, нақталағына және сенімділігіне ұмтылады. ЖОПДО уәкілетті орган мен әріптестерін істің жай- күйі туралы уақытында хабардар етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік пен есепке алу сапасын жақсартудың негізінде ақпараттың ашықтығы мен қолжетімдігін арттыруғаұмтылады. Сонымен қатар, ЖОПДО коммерциялық және қызметтік құпиядан тұратын ақпараттың және мәліметтердің жария етілмеуін қадағалайды.
4) Жауапкершілік және адалдық – ЖОПДО Қазақстан Республикасының талаптарымен, шарттық қарым- қатынастармен белгіленген өзіне алған міндеттемелерге, іскерлік айналым салттарына және моральдық- адамгершілік қағидаларға жауапкершілікпен және адал қарайды. ЖОПДО мемлекет алдында өзінің Әлеуметтік жауапкершілігін құрады;
5) Әділдік және парасаттылық – ЖОПДО қызметі мен оның іскерлік беделінің негізгі ЖОПДОның жеке мүддесі мен кәсіби қызметі арасындағы қақтығысқа жол бермейді. Алдау, үндемеу және өтірік айту ЖОПДОның Лауазымды тұлғасының, Қызметкерінің мәртебесімен сәйкес келмейді;
6) Тұлғаны құрметтеу – ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғасының, Қызметкерінің өзінің лауазымына, жұмыс орнына, атқатарын қызметтік және жұмыс міндеттеріне қарамастан басшылыққа алатын негізгі қағидасы. Тұлғаны құрметтеу қағидаларын өзара сақтау Қызметкерге қатысты Лауазымды тұлға үшін де, Лауазымды тұлғаға қатысты Қызметкер үшін де тең дәрежеде мңндетті.
3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТАРДЫ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ.
3.1. ЖОПДО-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері.
- ЖОПДО-ның лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізіне және ЖОПДО-ның корпоративтік нышандарына құрметпен қарауға;
2) Жалпы қолданыстағы моральдық- этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілгежәне басқа тілдерге, барлық ұлттардың дәстүрлері мен салттарына құрметпен қарауға;
3) Жоғары білікті жұмыс істеу үшін барлық күш- жігерлерін жұмсауға, ЖОПДО-ның мүлкіне сақтықпен қарауға, оны өнімді және тиімді пайдалануға;
4) өзінің жұмысқа деген қарым- қатынасымен және мінез- құлқымен жұмыста тұрақты және оң жағдайлар жасауға ықпал етуге;
5) сыпайы және әдепті болуға;
6)немқұрайлылық пен дөрекілікке төзбеуге;
7) әріптестеріне қолдау және көмек көрсетуге;
8) өзгенің пікіріне назар аударуға;
9) іс пен сөздің бірлігін қамтамасыз етуге. Берген сөздерінде тұруға;
10) өз қателігін жасырмауға/ мойындауға;
11) өзін- өзі (немесе өзіне байланысты тұлғалармен) және басқаларға қатысты туындауы мүмкін Мүдделер қақтығысына жол бермейтіндей ұстауға;
12) басқа Қызметкерлерге қатысты өзінің субъективті пікірін білдіруге жол бермеуге және басқа Қызметкерлерге қатысты олардың іс- әрекеттерінің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі жеке бағасын бермеуге;
13) құпиялылық нормаларын және ЖОПДО-ның ішкі құжаттарының талаптарывн бұзбай бір- біріне дұрыс ақпаратты уақытында ұсынуға,
14) тікелей берілген уәкілеттіктерсіз және ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғаларының тікелей тапсырмаларынсыз жариялы түрде сөз сөйлеуге, пікірлерін білдіруге немесе сұхбат беруге жол бермеуге;
15) қоршаған ортаға қатысты құрмет және жанашырлық танытуға;
16) Кодекс талаптарын мұқият зерделеуге, түсінуге және адалдықпен сақтауға және келіскен жағдайда тиісті растаушы нысанды толтыруға (осы Кодекске қосымша);
17) өзіне қабылданған міндеттемелер үшін жауап беруге;
18) лауазымдылық міндеттерді орындаған кезде жеке басының қарым- қатынастары немесе дербес пайдасы үшін емес ЖОПДО-ның мүдделерін басшылыққа алуға;
19) іскерлік этикақағидалары мен мінез- құлық ережелерінің бұзылу мәселелері бойынша тергеу жүргізілген кезде жәрдемдесуге;
20) өзінің жұмыс орнында тазалық орында тазалық пен тәртіпті сақтаулары, сондай- ақ барлық жұмыс материалдарын тиісті жағдайда ұстауға міндетті;
- ЖОПДО-ның лауазымды тұлғалары міндетті:
1) Кодекстің негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаларын ескере отырып, ашықтық пен бейтараптылық қағидаларында басқарушылық шешімдер қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және ЖОПДО-ның ішкі құжаттарында қарастырылған олардың алдына қойылған міндеттерінің іске асырылуына жауап беруге;
3) жеке басының үлгісімен Кодекстің талаптарына адалдықтарын көрсетуге;
4) қарамағындағылардың арасында корпоративтік рух құруға, ұжымның ЖОПДО-ның ортақ миссияларымен, құндылықтарымен және қағидалаымен біріктірілген бір командаға бірігуіне уақыт табуға;
5) Қызметкерлерге нақты міндеттер қоюға және қажет болған жағдайда барынша қажетті құралдармен сүйемелдеуге;
6) Қызметкерлердің өз жұмыстарын орындаулары үшін керекті ақпараттардың ашықтығы мен үнемі қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
7) Қызметкерлерге кеңестір мен нұсқаулар беруге;
8) қандай жағдай болмасын ЖОПДО Қызметкерлерінің мәртебесін төмендетуге жол бермеуге міндетті.
- ЖОПДО-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындағандары үшін:
1) заңды немесе жеке тұлғалардың ақша, қызмет немес өзгеше түрде сыйақы;
2) жалпы қабылданған ізеттілік нормалары мен қонақжайлылықты немесе хаттамалық және өзге де ресми «с- шараларды өткізу кезіндегі қарапайым ізеттілік белгілерін қоспағанда заңды және жеке тұлғалардан сыйлықтар немес басқа да сыйлықтарды алуға құқығы жоқ.
- ЖОПДО басшылығы ЖОПДО-да агрессияны, кемсітушілікті, шошытуды немесе қорқытуды болмайтындай жағдайлар жасауға тиісті. Осындай жағдайға тап болған әрбір Қызметкер мұндай қақтығыстарды шешу үшін бұл туралы өзінің тікелей басшысына хабарлауға құқылы.
3.2. Уәкілетті орган
- Уәкілетті органмен өзара қарым- қатыснас Заңнама, Жарғы және ЖОПДО-ның өзге де ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ашықтық, өзара есептілік және жауаркершілік қағидаларына негізделген. ЖОПДО уәкілетті органмен қарым- қаитынаста бергіленген рәсімдерді қатаң сақтайды.
- ЖОПДО мен уәкілетті орган арасында ақпараттар алмасу тәртібі Қазақстан Респідбикасы заңнамасымен, Жарғымен және ЖОПДО-ның ішкі құжаттарымен реттеледі.
3.3. Іскер әріптестер
- ЖОПДО-ның іскер әріптестермен өзара қарым- қатынасы өзара пайданың, заңдылық, әділдік және тиімділік қағидаларындағы шарттардың талаптарына сәйкес ашықтық пен толық қағидаларына жүзеге асырылады.
- ЖОПДО іскер әріптестермен шарттардың талаптарын сақтайды және оларға қатысты өз міндеттемелерін орындайды.
ЖОПДО өз қызметінде іскер әріптестергенегізсіз жеңілдіктер мен басымдықтар беруге жол бермейді.
3.4. Жұртшылық
- ЖОПДО жұртшылық алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді.
- ЖОПДО өзін өзі жұмыс істейтін және құрмет, сенім, адалдық және әділдік қағидаларына негізделген тығыз қарым- қатынастар орнатуға ұмтылатын қоғамдық ортаның ажырамас элементі ретінде қарастырады.
- ЖОПДО талпынады:
1) Әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге оң ықпал етуге;
2) Қоғамға қызмет етуге, кәсіби білім мен білім алу деңгейлерін арттыруға бағытталған бағдарламаларды, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды қолдауға;
3) Жаңа жұмыс орындарын құруға және қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін көтеруге, егер ол экономикалық жағынан пайдалы және орынды болса;
4) Қоғамдық қарым- қатынастарды жетілдіру, қоршаған ортаны жақсарту және өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдармен (қоғамдық, үкіметтік емес және басқа) сындарды қарым- қатынастар орнатуға ұмтылады.
- ЖОПДО беделі күмәнді заңды және жеке тұлғалармен ынтымақтастық жасасудан бас тартуға өзіне міндеттеме алады.
- ЖОПДО экология және қоршаған орта жөніндегі бастамаларды қолдайды.
- ЖОПДО бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен келісімді нығайтуға ықпал ететін жобаларды қолдауға ерекше назар аудара отырып әр түрлі нысандардағы қайырылымдылық қызметін жүзеге асырады.
- ЖОПДО білім, ғылым, мәдениет, өнер, ағарту жүйесін дамытуға, сондай- ақ тұлғаның рухани дамуына ықпал етеді.
4-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өздерінің жеке бастарының баюы немесе басқа тұлғаларды байыту мақсатында ЖОПДО-н, оның беделін, коммерциялық және қызметтік құпияларын пайдаланбауы тиіс.
- Мүдделер қақтығыстарына жол бермеу ЖОПДО-ның, оның Лауазымды тұлғаларының, Қызметкерлерінің, уәкілетті органның мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін маңызды шарттар болып табылады. ЖОПДО-ның барлық Лауазымды тұлғаларының, Қызметкерлерінің, уәкілетті органның мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін маңызды шарттар болып табылады. ЖОПДО-ның барлық Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері Мүдделер қақтығысынан бос ашық, уақытылы және бара-бар шешімдер қабылдау үшін жауапты болады.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғаларының және Қызметкерлерінің қарамағындағыларымен, бәсекелестерімен өзара қарым-қатынастардағы іскерлік мінез- құлықтары бірін екіншісіне қарсы қоюға жол бермейді және:
1) Алаламауды және байыптылықты;
2) Тексерілмеген ақпаратты пайдаланудан бас тартуды;
3) ЖОПДО-ның коммерциялық және қызметтік құпиясына жататын ақпаратты таратпауға;
4) Өз сөзіне беріктілікті;
5) Моральдық құндылықтарды сақтау кезіндегі мақсаткерлікті;
6) Өзінің іскерлік беделін сақтауды, қасақана өтірік және тексерілмеген ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы таратудан бас тартуды;
7) Мүдделер қақтығысы жағдайларында келіссөздер арқылы дауларды шешуге қол жеткізуді болжайды.
- Құпия ақпарат. Қазақстан Республикасының заңнамасына, ЖОПДО-ның ішкі құжаттарына сәйкес осыған жатқызылған ақпарат ЖОПДО-ның құпия ақпараты деп танылады. ЖОПДО-ның қызметкерлері құпия ақпаратты үшінші тұлғаға және оған қол жеткізуге құқығы жоқ Қызметкерлердің рұқсат етілмеген қол жеткізуінің және таралуының алдын алуға көмектесуі, сондай- ақ деректердің жоғалуына немесе жойылуына жол бермеуі тиіс.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің коммерциялық және қызметтік құпияларды жария етуге тыйым салынады, құпия ақпаратпен жұмыс жасау кезінде ЖОПДО-ның ішкі құжаттарында осындай ақпаратты ұсыну туралы талаптар бар жағдайларды қоспағанда.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері құпия ақпаратпен жұмыс істеген кезде ЖОПДО-ның ішкі құжаттарының талаптарын қатаң ұстанулары қажет.
- Сыбайлас жемқорлыққа және басқа заңға қарсы іс-әрекеттер.
ЖОПДО Мүдделі тұлғалар тарапынан сияқты ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің тарапынанда орынсыз пайда немесе басымдық алу не болмаса сақтау мақсатында сыбайлас жемқорлықты және басқа да заңға қарсы іс- әрекеттерге жол бермеу үшін барлық күш- жігерін жұмсайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндет тікелей ЖОПДО-ның лауазымдық тұлғаларына артылады.
ЖОПДО қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық жағдайларында оларға белгілі болған жағдайлар туралы басшылықтың назарына жеткізуге міндетті.
5-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері осы Кодекстің талаптарын сақтай және түсіне келе, оның бұзылуының алдын ала отырып ЖОПДО-ның корпоративтік мәдениетінің дамуына үлес қосулары қажет.
ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері корпоративтік рух қалыптастыруы және өзінің үлгісімен Кодекс талаптарының сақталуын қолдауы керек.
5.1. Келіссөздер жүргізудің сыртқы түрі және этикасы
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерелері қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім, аяқ киім, шаш үлгісін таңдауда іскерлік стиль нормаларын қатаң ұстанулары тиіс.
- Ұйымдарда белгілі бір форманы сақтау талаптары бергіленуі мүмкін.
- Медициналық этика медициналық қызметкерден жеке басының гигиенасын сақтауды ғана немесе, әдептілік қағидаларын сақтауды да талап етеді. Киім таза болуы ғана емес, сонымен бірге жасауға ыңғайлы да болуы керек. Ол аса ашықтығымен немесе тым мәнерлі орындалуымен науқастарды алаңдатпауы қажет.
- Иіссу мен әтірдің ащы иісі жоқтарын ғана қалыпты мөлшерде жағу керек. Боянудың және әр түрлі әшекейлер тағудың қарапайымдылығы мен орындылығы медицина қызметкері қызметінің сипатына байланысты болады.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің басқа Қызметкерлермен және іскер әріптестерімен келіссөздер, оның ішінде телефон арқылы да, жүргізе білуі тұтастай ЖОПДО-ның қолайлы бейнесін жасауға ықпал етеді. ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері келіссөздер, оның ішінде телефон арқылы келіссөздер жүргізген кезде сыпайы әдеппен сөйлесулері тиіс. Іскерлік келіссөздер байыппен және сыпайы түрде жүргізіледі.
- Ішкі және сыртқы қоңырауларға жауап бере отырып барынша сыпайы жауап беру, нақты және толық ақпарат беру керек. Сондай- ақ телефонмен әңгімелесу барысында сол жерде басқа да Қызметкерлердің болуларыын ескере отырып олардың жұмысына құрметпен қарау, қатты сөйлеп олардың мазасын алмау қажет.
- Кеңсеге қатысқан кезде ұялы телефонды өшіру немесе дыбыссызз режимге қою керек.
5.2. Корпоративтік мерекелер
- Корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі ұжымда мерекелік іс- шараларды өткізу болып табылады.
- ЖОПДО-ның барлық Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері корпоративтік ойын- сауық немесе спорттық іс- шараларға қатыса алады. Сондай- ақ, Қызметкерлер арасында корпоративтік рухты көтеру мақсатындаіс- шаралар жөнінде өздері ұсыныс жасай алады.
- Дәстүрлі корпоративтік мерекеге жататындар – ЖОПДО-ның құрылған күні, Жаңа Жыл, Халықаралық әйелдер күні, Медицина қызметкерлер күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған ресми мерекелер.
- ЖОПДО-ның ішінде барлық Қызметкерлер конференц- залда немесе ЖОПДОның аумағындағы өзге орында жиналады, ЖОПДО Басшылығының өкілдері құттықтау сөз сөйлейді, ерекше көзге түскен Қызметкерлерді мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен атап өтеді.
- ЖОПДО мерекелеген кезде ұжым қала сыртына, табиғат аясына шыға алады, онда құрылымдық бөлімшелер музыкалық нөмірлер, би, ойындар дайындайды. Жекелеген жағдайларда басшылықты бастамасымен Қызметкерлердің отбасы мүшелері шақырылады.
5.3. Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау
- ЖОПДО өз Қызметкерлері үшін еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қоршаған ортаның қорғалуы мен күзетілуін сақтайды, қызметтің Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді, ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы стандарттар мен қағидаларды сөзсіз сақтауға міндетті.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері оған әсер етуді барынша азайтулары тиіс, мысалы, энергияны үнемдеу, қағаз тасығыштарды пайдалануды азайту.
- ЖОПДО қоршаған ортаны қорғау қағидаларын ұстанулары керек және энергия үнемдейтін технологиялардың, қалдықсыз өндірісті, қалдықтарды қайталама пайдаланудыенгізеді. Осы мақсатта ЖОПДО инвестициялық шешімдер қабылдаған немесе өнім берушілерменкелісімдер жасасқан кезде осы факторларды ескере алады.
5.4. Жұртшылықпен байланыс
- ЖОПДО жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым- қатынаста жоғары этикалық стандарттардың сақталуын қадағалайды. ЖОПДО өзінің ақпараттық- жарнамалық материалдарында немесе жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқа да іс- шараларда жалған ақпараттың таратылуына, Лауазымды тұлғалардың жариялы сөздеріне фактілердің жасырылуына және/немесе бұзылуына жол бермейді.
- жариялы түрде сөз сөйлеу, ЖОПДО-да болған оқиғаларға түсініктеме жасау немесе ЖОПДО-ның атынан бұқаралық ақпараттық құралдарында кез келген өтініштер жасауға, Интернетті қоса алғанда, ЖОПДО-ның осыған уәкілеттік берген Лауазымды тұлғасы мен Қызметкері құқылы.
- ЖОПДО-ның атынан қатысқан кезде ЖОПДО-ның Лауазымды мен Қызметкерлері кәсіби мінез- құлық және іскерлік этиканың жалпы қабылданғаннормаларын сақтауға, тек дұрыс ақпаратты ғана таратуға, сондай- ақ құпия ақпараттың жария болуына жол бермеуге міндетті.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері қызметі және жалпы ЖОПДО қызметі мәселелері бойынша өз пікірін жариялы білдірмеуі керек, егер ол:
1) ЖОПДО қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
2) Құпия ақпаратты жария етсе;
3) ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғаларының атына этикалық емес пікірлерді қамтыса;
6-ТАРАУ. ҰЙЫМ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ, ОРТА ЖӘНЕ КІШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ.
6.1. Дәрігердің пациентпен қарым-қатынасы
- Дәрігер пациенттің құқығын құрметтеуі тиіс. Кәсіби шешімдер қабылдай отырып, дәрігер пациент үшін игілікті ескеруі қажет.
- Дәрігер оған пациентті жібергені үшін сыйақы алуы немесе пациентті бір емдеу мекемесіне, дәріханаға, нақты маманға жібергені немесе белгілі бір қарап- тексеру не болмаса емдеу түрін тағайындағаны үшін ақы немесе өзге де сыйақы түрлерін алмауы қажет.
- Дәрігер пациенттің физикалық немесе психологиялық жағдайының нашарлауына әсер ететін іс- әрекеттер жасамауы қажет.
- Пациенттін денсаулығының жағдайы туралы дәрігердің кәсіби қорытындысы тек қана медициналық қарап- тексерудің және(немесе) жүргізілген емдеудің нәтижелеріне негізделуі қажет.
- Пациентке диагноз қою және емдеу тәсілі пациент денсаулығының жағдайын ескере отырып, кәсіби мамандардан тұратын мультидисциплинарлық команданың қатысуымен жүргізілуі қажет.
- Емделуші денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында дәрігер өзінің кәсіби тәжірибесін және потенциалын қолдануы керек. Егер қажетті тексеру және емдеу мүмкіншілік шегінен шығатын болса ол уәкілетті әріптестеріне қатынасуы керек.
- Дәрігер азаматтың медициналық көмекке жүгінуі, оның денсаулығының жағдайы, сырқатының диагнозы және оны қарап- тексеру және(немесе) емдеу кезінде алынған, дәрігерлік құпияны құрайтын өзге де мәліметтер ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуі қажет.
- Тек емдеуші дәрігер ғана пациент денсаулығының жағдайы туралы оның туған- туысқандарын хабардар етуге құқылы.
- Жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта ургенттік көмек көрсету- әрбір дәрігердің парызы.
- Дарігер пациентті ақталмайтын тәуекелге апармауы, сондай- ақ өз білімін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолданбауы тиіс.
- Дәрігер, егер пациентпен екеуінің арасында өзара түсіністік болмаса немесе емдеу үшін қажетті мүмкіндіктері мен тәжірибесі болмаса, дәрігер оның жағдайын қиындатпайтын шараларды қолдануға міндетті болатын жедел көмек жағдайларды қоспағанда, ауруды емдеуден бас тарта алады.
- Дәрігер пациенттің дәрігерді таңдау және емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу туралы шешімдер қабылдауға қатысты құқығын құрметтеуі тиіс.
- Пациенттің келісімінсіз емдеу- сауықтыру іс- шараларын дене немесе психологиялық жағдайы бойынша пациент өмірі мен денсаулығы үшін жай- күйді бара-бар бағалауға дәрменсіз болған жағдайда шешеімді консилиум, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде- тікелей емдеуші дәрігер қабылдауы тиіс.
- Баланы емдеу кезінде дәрігер оның ата-анасы мен асырап алушысына толық ақпарат беруге, олардың қандай да бір емдеу әдістеріне немесе дәрі-дәрмек құралдарын қолдануға олардың келісімдерін алуға міндетті.
- Дәрігер пациенттің және оның отбасының абыройы мен іскерлік беделін құрметтеуі, оған және отбасына кеңпейілділікпен қарауы қажет.
- Дәрігер окульттік-мистикалық және діни емдеу әдістерін насихаттамауы және қолданбауы тиіс.
- Емдеудің баламалы әдістерін таңдаған кезде дәрігер дәлелдеу базасы бар емдеу әдістерін таңдауы қажет. Дәлелдеу базасы бар екі баламалы емдеу әдісі болған кезде дәрігер әрбір емдеу ісінің тиімділігі мен шығындылығы теңгерімінің негізінде таңдау жасауы керек (cost-effectiveness analysis).
- Егер пациент өзінің келісімін білдіруге қабілетті болмаса оны заңды өкілі және ата- анасын ауыстырушы тұлға білдіруі тиіс.
- Пациент өз жай- күйі туралы ақпаратты алуға құқылы, бірақ ол одан бас тартуға немесе денсаулығының жай- күйі туралы хабардар етілетін тұлғаны көрсетуге құқылы. Егер оның денсаулыққат маңызды зиянын тигізеді деп болжам жасауға қомақты негіз болған жағдайларда ақпаратты пациенттен жасыруға болады. Алайда, пациенттің талап етуі бойынша дәрігер оған толық ақпарат беруге міндетті.
- Дәрігер пациентке оның ауруы (диагнозы) туралы басқа мамандардан алған баламалы кәсіби пікірді түсінуі және мойындауы қажет.
- Дәрігер пациенттің басқа маманнан консультация алу туралы шешімінде кедергі жасамауы керек.
- Емдеу процесінде күптеген ушығлар пайда болған кезде дәрігер бұл туралы пациентті, қажет болған жағдайда басшылықты, аға әріптесін хабардар етуі және дереу нұсқауды күптей оның салдарларын түзетуге бағытталған іс- қимылға кірісуі тиіс.
- Дәрігер жеке басын байыту немесе материалдық пайдасы үшін кәсіби шешім қабылдамауы керек.
- Дайындаушы фирмалар мен таратушылардан олар ұсынған дәрігерді тағайындағаны үшін олардан көтермелеулер қабылдамауы керек.
- Дәрігер дәрілерді тағайындаған кезде медициналық көрсеткіштерді және тек қана пациенттің мүддесін басшылыққа алуы керек.
- Дәрігер пациентке жасына, моральдық жағдайы, жынысына, нәсіліне, ұлтына дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтығына және басқа да медициналық емес факторларға қарамастан медициналық көмек көрсетуі тиіс.
- Дәрігер тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасына, нормативтік- әдістемелік және ішкі құжаттарға сәйкес дәрігерлік анықтама береді.
- Күрделі сауықтыру, диагностикалық ерекше емдеу және басқа іс- шараларды жүргізуталап етілетін ауруларды таңдаған кезде дәрігерлер қатаң медициналық көрсеткіштерді ескерулері және ұжым болып шешім қабылдаулары тиіс.
- Емдеуші дәрігер пациентті емдеу процесіне жауап береді.
- Бөлімді басқаратын дәрігерлер, бөлімшелер басшылары өздерінің қарамағындағылардың кәсіби біліктіліктерін көтеру үшін қамқорлық жасаулары қажет.
6.2. Дәрігерлердің өзара қарым- қатынастары
- Дәрігерлер бір- біріне, сондай- ақ басқа да медициналық және көмекші персоналға құрметпен қарауға, кәсіби этиканы сақтауға және пациенттің емдеуші дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауына құрметпен қарауғ міндетті.
- Студенттерді және жас мамандарды оқытатын дәрігерлер өзінің мңнез- құлқымен, өз міндеттерін орындауға деген қарым- қатынастарымен жас мамандар үшін үлгі болатындарын және осы Кодексті ұсынатындарын көрсетуі қажет.
- Дәрігерлер бұқаралық ақрпараттық құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, жас мамандар үшін үлгі болып, қоғамдық және кәсіби этика нормаларын сақтауы қажет.
- Әріптестерінің атына кәсіби ескертулер дәделді, намысқа тимейтіндей түрде айтылуы, мүмкіндігінше жеке әңгімелесу түрінде болуы қажет.
- Дәрігердің өзге бір дәрігердің кәсіби біліктілігіне жариялы түрде күмәндануға немесе басқаша түрде беделін түсіруге құқығы жоқ.
- Дәрігерлер қиын клиникалық жағдайларда өзінен тәжірибесі аз әріптестеріне әдепті түрде кеңестер беріп, көмек көрсете алады.
- Емдеу барысында емдеуші дәрігер әріптестерінің ұсынымдарын қабылдай алады немес негіздей келе дәлелдеуші медицинаның негізінде аргументтер мен дәделдерді ұсына отырып олардан да тарта алады.
6.3. Дәрігердің орта медициналық персоналмен өзара қарым- қатынасы
- Дәрігерлер орта медициналық персоналға құрметпен қарап, пациенттің денсаулық жағдайы мен тағайындалған емдеу бойынша оның пікірін ескермеуге жол бермеуі қажет. Егер орта медициналық персонал тағайындалған емшараларды жүргізу кезінде қателіктер жіберілсе, дәрігерлер мейірбан және дұрыс түрде және пациенттердің қатысуымен емес ескертулер жасауы тиіс.
- Орта медициналық персонал сырқатнамадағы, ем тағайындау парағындағы және т.б. түсініксіз жазулар бойынша түсініктеме алуға және қажет болған кезде ақпараттың сәйкессіздігін көрсетуге құқылы.
- Орта медициналық персонал пациенттің құқықтарын, санитарлық ережелерді, техника қауіпсіздігін, медицина техникасы мен дәрі- дәрмек препараттарын қолдану нұсқаулықтарын білуі және сақтауы тиіс.
- Орта медициналық персонал диагностика жасау мен емдеудің барлық қиын жағдайларында кеңес алу үшін дәрігерге жүгіне алады.
- Орта медициналық персонал дәрігерлер туралы жеңіл пікірлер білдірмеуі, «дәрігер қателігі» немесе дұрыс ем тағайындалмағаны туралы сөз немесе өсек таратпауы керек.
- Дәрігер орта медициналық персоналға құрметпен қарауды қалыпқа келтіруі және нығайтуы және оған менсінбеушілік тұрғыдан қарамауы тиіс.
- Дәрігер орта медициналық персоналдың кәсіби білімі мен дағдысын арттыруға жәрдемдесе алады.
- Орта медициналық персонал жаман әдеттен бас тартуы және алкоголь, наша, улы заттармен мас болуы жағдайларында өз міндеттерін орындауға жол бермеуі тиіс.
6.4. Орта медициналық персоналдың пациентпен өзара қарым-қатынасы
- Науқастың көзінше қойылған диагнозды талқылауға, жүргізіліп жатқан емдеудің дұрыстығына күмән келтіруге, сондай- ақ оның палатадағы көршілерінің сырқаттарын талқылауға тыйым салынады.
- Науқастың көзінше қойылған рәсімдерінің алдында орта медициналық персонал дұрыс ем қолдану үшін оның мәнін, қажеттілігін түсінікті түрде жеткізуі және психоэмоционалдық кернеуді тұрақтандыруы қажет.
- Орта медициналық перносал емдеу рәсімдерін және өзінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде ұстамдылықты, бір қалптылықты және әдептілікті сақтауы тиіс.
- Сыртқы ауыр пациенттерге күтім жасайтын жасайтын орта медициналық персонал рәсімдерді орындаудың дұрыстығын түсіндіруі тиіс.
- Орта медициналық персонал тек өз құзыреті шегінде ғана әңгімелесу керек (аурудың белгілері, болжамы туралы сөз қозғауға құқығы жоқ).
- Орта медициналық персонал дәрігер тағайындаған емді уақытында және кәсіби деңгейде, қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша орындауы тиіс.
- Орта медициналық персонал науқастың жай- күйінде пайда болған күрт өзгерістер туралы дәрігерді дереу хабардар етуі керек.
- Орта медициналық персонал дәрігерлік тағайындауларды орындау барысында күмән туындаған жағдайда барлық нюанстарды науқас жоқ кезде әдепті түрде анықтауы қажет.
- Орта медициналық персонал барынша тәжірибелі қызметкерлері өз тәжірибелерін орта медициналық персоналдың тәжірибесі аз қызметкерлермен бөлісе алады.
- Орта медициналық персонал пациенттің жасына немесе жынысына, аурудың сипатына, нәсіліне немесе ұлтына, діни немесе саяси сеніміне, әлеуметтік немесе материалдық жағдайына немесе басқа да айырмашылықтарына қарамастан оған құзыретті көмек көрсетуі керек.
- Орта медициналық персонал пациенттің емдеуі жоспарлау мен жүргізуге қатысу құқығын құрметтеуі тиіс.
- Орта медициналық персонал пациенттерге тәкаппарлық, менсінбеушілік және кемсітушілік әрекетін танытпауы тиіс.
- Орта медициналық персонал пациентке өзінің моральдық, діни, саяси сенімін міндеттеуге құқығы жоқ.
- Бірнеше пациентке медициналық көмек көрсету кезектәләгән бергілеу кезінде орта медициналық персонал қандай да бір кемсітушілікті болдырмай, тек медициналық көрсетілімділерді ғана басшылыққа алуы керек.
- Орта медициналық персоналпациентке залал келтіруге ұмтылатын үшінші тұлғалардың іс- әрекетіне немқұрайлылық танытпауы керек.
- Тәуекелді сипаттағы медициналық көмек көрсету кезінде орта медициналық персонал қауіпсіздік шараларын, пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін асқынудың пайда болу қателерін төмендету шараларын қарастыруға міндетті.
- Орта медициналық персонал емделуші денсаулығы жайында туған – туысқандарына тек емдеуші дәрігер келісімімен ақпарат беруіне болады.
- Орта медициналық персонал пациенттің және оның заңды өкілінің (кәмелетке толмағандарды және – немесе сот қабілетсіз деп таныған азаматтарды емдеу кезінде) қандай да бір медициналық араласуға келісу немесе одан бас тарту құқығын құрметтеуі қажет.
- Орта медициналық персонал өз біліктілігі шегінде пациентке медициналық рәсімдерден бас тартудың бас тартудың салдарын түсіндіруі тиіс.
- Орта медициналық персонал кәсіби міндетінорындауына байланысты сеніп тапсырған немесе таныс болған пациент денсаулығының жағдайы, диагноз, емделуі, оның сырқатының болжамы, сондай- ақ пациенттің жеке өмірі туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан құпияда сақтауға міндетті.
- Орта медициналық персоналдың қандай түрде болсын сақталатын клиенттер туралы құпия ақпаратты таратуға құқығы жоқ.
- Орта медициналық персонал қажетіне қарай әріптестеріне көмектесе алады, сондай- ақ емдеу процесінде жәржемдес алады.
- Орта медициналық персонал емдеуші дәрігер тағайындаған емдеу бағдарламаларын орындауда пациентке көмектесуі қажет.
- Орта медициналық персонал өзінің біліктілігін үнемі арттыруы және ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысуы тиіс.
6.5. Кіші медициналық персонал
- Аға медбике/ Бас медбике кіші медициналық персоналдың жұмысын бақылайды және күнделікті тәрбие жұмысын жүргізуі қажет.
- Аға медбике/ Бас медбике кіші медициналық персонал жұмысының сапасына, науқыстарға қызмет көрсету мәдениетіне, клиникадағы жайлылыққа, тазалақ пен тәртіпке жауапты.
- Кіші медициналық персонал өзінің функционалдық міндеттерін сапалы орындауы, іскерлік субординацияны және қызмет тәртібі және қызмет тәртібі ережелерін сақтауы тиіс.
- Кіші медициналық персонал қызметкерлері ұқыпты көрінуіжәне жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауы тиіс.
- Кіші медициналық персонал қызметкерлері ЖОПДО жағдайында мінез- құлықережелері мен басқа тұлғалармен қарым- қатынас жасау бойынша қатаң нұсқамалықтан өтулері тиіс.
- Кіші медициналық персонал барлық қызметтік мәселелерді Аға медбикемен/Бас медбикемен бірлесіп шешуі тиіс.
- Кіші медициналық персонал пациенттің көзінше әріптестерімен қарым- қатынастарын талқыламауы қажет.
6.6. Медицина қызметкерлерінің ақпаратты ашуы
- Пациент туралы медициналық ақпарат:
1) Пациенттің жазбаша келісімі бойынша;
2) Анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының талаптары бойынша;
3) Егер құпияны сақтау пациенттің және (немесе) басқа тұлғалардың денсаулығы мен өміріне елеулі қатер (қауіпті жұқпалы аурулар) төндірсе;
4) Осы ақпарат кәсіби түрде аса қажет болатын басқа мамандар емдеуге тартылған жағдайда ашылуы мүмкін.
- Ғылыми зерттеулер, студенттерді оқыту және дәрігерлердің біліктілігін арттыру процесінде пациенттерге қатысты медициналық ақпаратқа қолжеткізе құқығы бар ЖОПДО-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері көрсетілген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
- Медициналық сипаттағы жарияланымдар, ғылыми форумдарда дәрігерлердің сөз сөйлеулері, баспасөз, радиода немесе теледидардағы ағартушылық қызмет этикалық тұрғыдан мінсіз болуы қажет, сондай- ақ объективті ғылыми- тәжірибелік ақпаратпен шектеліп, жосықсыз бәсеке элементтерін, жарнама мен өзін-өзі жарнамалауды қамтымауы қажет.
- Бұқаралық ақпараттық құралдардың өкілдері, қоғамдық және өзге де ұйымдар өтініш білдірген кезде, дәрігерлер және/немесе орта медициналық персоналөз құзыреттері шегінде:
1) Қандай да бір сырқат бойынша териториялық ақпарат беруге;
2) Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік- құқықтық құжаттардың ережелері және оларды тәжірибеде қолдану тәртібі туралы хабардар етуге;
3) Жоғары тұрған ұйымдар, медициналық мекемелер, емдеу технологиялары туралы хабардар етуге;
4) Басшының келісімімен бөлімше, мекеме бойынша қолда бар статистикалық ақпарат беруге;
5) Бөлімшеде, мекемеде қолданылатын емдеу технологиялары туралы ақпарат беруге;
6) Санитарлық- эпидемиологиялық сипаттағы ақпаратты беруге құқығы бар;
- Бұқаралық ақпарттық құралдарының, қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері өтініш білдірген кезде дәрігерлер және/немесе орта медициналық персонал:
1) пациенттер, оның ішінде қайтыс болғагн пациенттер туралы ақпарат беруге;
2) нақты бір азаматқа медициналық көмек көрсету, оны емдеу, емдеп шығару, өлімі және т.б. бойынша өтініш білдіру фактілері туралы ақпаратты растауға және жоққа шығаруға;
3) пациентті (пациенттерді) айырып тануға болатын фото- бейнематериалдарды ұсынуға құқығы жоқ.
- 7-ТАРАУ. ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫ
- Омбудсмен институты ЖОПДО құрылтайшы органы қабылдаған бастамалар, шаралар мен іс-қимылдар шеңберінде мына мақсаттар үшін құрылады:
1) органдары мен ЖОПДО лауазымды тұлғаларының осы Кодекстің сақталуын қамтамасыз ету;
2) корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығыстарын болдырмау және реттеу жөніндегі шараларды күшейту.
- Омбудсменнің негізгі функциялары Кодекстің ережелерін сақтамау туралы мәліметтер жинау, Кодекстің ережелері бойынша лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге кеңес беру, Кодекстің ережелерін бұзу бойынша дауларды қарауға бастамашылық ету және оларды реттеуге қатысу болып табылады.
7.1. Омбудсменнің құқықтары мен міндеттері
- Омбудсмен құқылы:
1) келіп түскен өтініштердің негізінде де, өз бастамасы бойынша да Кодекс ережелерін бұзушылықтарды анықтау бойынша рәсімдерді жүргізуге бастамашылық жасау;
2) Кодекстің сақталмауы мәселелері бойынша қызметкерлерге, лауазымды адамдарға жеке жүгінуге;
3) қызметкерлерге, лауазымды адамдарға Кодекстің ережелерін түсіндіру.
- Омбудсмен міндетті:
1) Кодекстің сақталмауына қатысты мәселелерді қарауға қатысу;
2) Кодекстің ережелерін сақтамау мәселелері бойынша қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ іскер серіктестердің және мүдделі тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу;
3) бес жұмыс күні ішінде ЖОПДО қызметкерлеріне олар жүгінген жағдайда Кодекстің ережелерін түсіндіруді ұсыну;
4) Кодекстің сақталмауы мәселелері бойынша дауларды қарауға қатысу кезінде тәуелсіздік пен алаламаушылықты сақтау;
5) Кодекстің ережелерін бұзу фактісі бойынша өтініш жасаған қызметкердің, лауазымды тұлғаның анонимділігін қамтамасыз ету (анонимді болып қалуға тілек білдірген жағдайда);
6) ЖОПДО басшылығының қарауына Кодекс ережелерін сақтамау мәселелері бойынша өтініштер туралы мәліметтерді қамтитын Кодекс талаптарының сақталуы туралы есеп беру.
7.2. Іскерлік этика Кодексінің және ЖОПДО-ның өзге де ішкі құжаттарының бұзылуы туралы мәліметтерді жинау және қарастыру тәртібі
- ЖОПДО-ның лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері бекітілген іскерлік этика нормаларын, заңнама және ЖОПДО-ның ішкі құжаттарының нормаларын бұзулары анықталған жағдайда Омбудсмен шын мәнінде осындай өтініштерді қарауға құзыретті.
- Мүдделі тұлғалар ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің заңсыз және этикаға қайшы іс- әрекеттері туралы өзінің тікелей басшысына хабарлай алады.
- Омбудсмен қарастыруға өтінішті қабылдай отырып:
1) өтініш иесі құқықтарын қорғау және/немесе іскерлік этиканың бұзылған нормаларын және іскерлік этиканың нормаларын бұзылып қабылданған шешімдерді және/немесе іс- әрекеттерді (іс- әрекеттер жасамауды) жою тәсілдері мен құралдарын түсіндіруге;
2) шын мәнінде осындай өтініштерді шешу құзыретіне жататын ЖОПДО-ның тиісті органдарына беруге міндетті.
- Қарастыру нәтижелері мен қабылданған шешімдерді Омбудсмен тиісті орган шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш білдірген тұлғаға хабарлайды.
- Лауазымды тұлғалар мен Омбудсмен Кодекс ережелерінің, заңнаманың және ішкі құжаттар нормаларының бұзылуы туралы мәліметтерді қарастырудың құпиялылығына кепілдік береді. Өтініш білдірген тұлғаның құқықтарына нұқсан келтірілмеуі тиіс.
- Қызметтік тергеу жүргізу қадағалау Омбудсмен уәкілеттілігіне жатпайды.
- Омбудсмен жыл сайын корпоративтік этика мәселелері жөніндегі өтініштер бойынша есеп дайындайды, ол есептік жылдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЖОПДО басшылығының қарауына шығару үшін белгіленген тәртіппен жіберіледі.
7.3. Бақылау шаралары
- ЖОПДО-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекстің талаптарын қатаң сақтауға және Кодекстің кез келген талаптарының бұзылуы туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына алып келетін барлық жағдайлар заңнаманың және ЖОПДО-ның ішкі құжаттарының нормаларына сәйкес қарастырылуы қажет.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары ЖОПДО-ның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін іскерлік этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаларын ескере отырып, іскерлік шешімдер қабылдайды және өздерінің алдына қойылған міндеттерінің іске асырылуына толық жауап береді.
- ЖОПДО-ның қадағалау кеңесінің хатшысы немесе ЖОПДО басшысы өз құзыретіне сәйкес ЖОПДО-ның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне/органдарына қажетті мәліметтерді бере отырып, консультациялар жүргізу арқылы Кодекс талаптарының бұзылуына байланысты мәселелерге ден қоюға міндетті.
- ЖОПДО басшылығы Кодексті ашық түрде талқылауға дайын Қызметкерлерді ынталандыра және оны жетілдіру бойынша барлық сындарлы ұсыныстарға оң көзқараспен қарайды.
- ЖОПДО-ның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері, сондай- ақ іскер әріптестер мен мүдделі тұлғалар Кодекс талаптарын және/немесе жұмыс барысында туындаған этикалық мәселелерді, сондай- ақ Кодекс талаптарының бұзылу фактілерін, сыбайлас жемқорлық және басқа заңға іс- фрекеттерді түсіндіруге қатысты мәселелер бойынша қадағалау кеңесінің хатшысына жүгінуге құқылы.
- Қызметкерлерден мүдделер қақтығыстарына, заңнаманың және ішкі құжаттардың бұзылуына жататын барлық оқиғалар мен себептерді нақты сипаттау талап етіледі. Бұл мәнмәтінде баяндаушы Қызметкер өзара сенімді бұзушы болып есептелмеуі тиіс. Бұл ЖОПДО-ға қатысты Қызметкердің адалдығының көрінісі болып табылады. Қызметкер дұрыс және нақты мәліметтерді және күмәнді фактілерді немесе жағдайларды, осындай сипаттағы кез келген заңсыз іс- әрекеттер белгілерін жасырмауы тиіс.
8-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ
- Осы Кодекстің нормаларын сақтау ЖОПДОның барлық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. Осы Кодекстің нормаларын бұзу заңнамамен бергіленген тәртіпте жауапкершілікке алып келеді.
- ЖОПДОның қадағалау кеңесі өзектеу және жетілдіру мақсатында қандай көлемде тәжірибеде қолданылатындығын осы Кодекстің талаптарын қайта қарастырып және жетілдіреді, сонымен қатар қажет болған жағдайда ұсыныстар мен кеңестендірулерді есепке ала отыра өзгерістер және/немесе қосымшалар енгізеді.
Бас дәрігермен бекітілген «Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Іскерлік этика Кодексіне Қосымша
Растау үлгісі
Осы үлгіні Сіздің Іскерлік этика Кодексінде белгіленген іскерлік этика қағидалары мен мінез- құлық ережелерін мұқият зерделегеніңізді, түсінгеніңізді және оны адал ұстануға міндетті екеніңізді растау үшін пайдаланыңыз.
Толтырылған және қол қойылған растау үлгісі ЖОПДОда еңбек міндеттерін орындау мерзімі ішінде ЖОПДОда еңбек және/немесе лауазымдық міндеттемелерді орындауды бастаған сәттен бастап ЖОПДОның әрбір қызметкерлерінің жеке ісінде сақталады.
Растау
(Тиісті ұяшықтарды бергілей отырып, осы үлгіні толтырып, қол қойып, кадр жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге жіберуді сұраймыз).
1 | Мен ЖОПДОның Іскерлік этика Кодексін зерделегенімді және түсінгенімді растаймын. |
2 | Мен ЖОПДОныі Іскерлік этика Кодексінде бергіленген іскерлік қызмет қағидалары мен мінез- құлық ережерін адал ұстануға міндеттенемін. |
3 | Мен жылына кемінде екі рет ЖОПДОда еңбек және/немесе лауазымдық міндеттемелерді орындау мерзімінде ЖОПДОның іскерлік этика Кодексінде белгіленген іскерлік этика қағидаларын және мінез- құлық ережелерін зерделенгенімді, түсінгенімді растаймын және оны адал ұстануға міндеттенемін. |
Т. А. Ә.____________________________________________________________