Спорт және денсаулық

        Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Қабылжан Құрмаш Қабылжанұлы Тараз қаласының №2 лицей-интернатында «Спорт және денсаулық» тақырыбында дәріс өткізді. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты  болатыны, өз денсаулығын нығайту, өзін шынықтыру, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, әрқашан өміршең болу және айналасындағыларға жақсылық жасауға әр адам жауапкершілік танытуы қажет .

        Денсаулық – бұл ең үлкен байлық және оны сақтау керек. Спортпен айналысу қуаныш пен рахат әкеледі. Спортпен айналысатын адам тек физикалық қана емес, ақыл-ой жағынан да дамиды, интеллект артады.

        Дәріс соңында оқушылардың сұрақтары талқыланып, бейнеролик көрсетілді.