Ата-аналардың назарына!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы өз құзыретіне сай функциялары аясында аутоагрессивті (өзін-өзі зақымдау) мінез-құлыққа бейім тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Орталық жанынан жедел психологиялық-психиатриялық көмек кабинеті және сенім телефоны – 556-776 жұмыс істейді.
Көмек кризистік психология саласында тәжірибесі бар білікті психолог мамандармен көрсетіледі.
Консультациялар құпия түрде, анонимді негізде жүргізіледі және келесі психоэмоциялық қиындықтарды бастан кешіріп жүрген кез келген азамат үшін қолжетімді:
• депрессия,
• үрей мен мазасыздық,
• суицидке бейім ойлар,
• эмоционалдық күйзеліс немесе психикалық жарақат.
Жұмыстың мақсаты – азаматтарға дер кезінде қолдау көрсету, психоэмоционалдық кернеуді төмендету және қауіпті мінез-құлықтың алдын алу.
Ұсыныстар:
Балаңызбен жиі сөйлесіңіз. Күнделікті көңіл-күйін, не мазалайтынын сұрап отырыңыз.
Сынға емес, қолдауға негізделген қарым-қатынас орнатыңыз.
Әлеуметтік желілер мен дос-жарандары жайлы хабардар болыңыз.
Баланың табысына қарағанда, оның көңіл күйіне мән беріңіз.
Кез келген көңілсіздік пен оқшаулануға бейжай қарамаңыз.
Суицид мәселесіне деген стигманы азайту: «Психологқа бару – әлсіздік емес, жауапкершілік» деген түсінік қалыптастыру.
Қиын жағдайда қолдау көрсету мәдениетін дамыту.
Жасөспірімдердің рухани тәрбиесін күшейту, махаббатпен әрі мейіріммен жүргізу (ата-ананың міндеті ретінде).