ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы
Пациенттерге қолдау көрсету қызметі
Сондай-ақ, өңірлік Пациенттер құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңеске жүгінуіңізге болады. (www.mz.gov.kz )
Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес,
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ (Ішкі бақылау қызметі) құрылды.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ
(Ішкі бақылау қызметі) функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.
Осыған байланысты, егер Сіздер:
-медициналық көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
-медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырасаңыз;
-тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналдың ақша талап ету фактілері болған жағдайда;
-сондай-ақ , егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз, СІЗ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.
Обьективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңызды Комиссия Сіздің қатысуыңызбен қарастыратын болады.
Сіздің шағымыңызда аты-жөніңізді және мекен-жайыңызды көрсетіп медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдыруыңызға болады, сондай-ақ шағымды медициналық ұйымның сайтына жазуыңызға болады: сайттың мекен-жайы: www.pdo-zhambyl.кz
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ СІЗДІҢ шағымыңызды мүмкіндігінше тез қарап, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген телефон нөмірлеріне :
51-03-50, 52-14-63, 52-14-52 телефондарына немесе бас дәрігерлердің орынбасарларының кабинеттеріне ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ (Ішкі бақылау қызметі) жолықсаңыз болады.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ ем қабылдап жатқан пациенттер , сонымен қатар олардың туыстары шағымдануға құқылы.
Көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін анықтау мақсатында біздің пациенттерге және (немесе) олардың туыстарына ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ сауалнама жүргізеді.
Сауалнама ерікті негізде жүргізіледі, Сіздің жауаптарыңыздың құпиялылығы сақталады, сондықтан Сауалнамада аты-жөніңізді ненмесе мекен-жайыңызды көрсету талап етілмейді. Сіздің ой-пікіріңізді дәл көрсететін жауаптарды таңдап, сауалнама сұрақтарына жауап берсеңіз, біздің ұйымымыздың медициналық көмек көрстеу сапасының жақсаруына өзіңіздің үлесіңізді қосқаныңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.