Конституция күні құтты болсын!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай жиын өткізілді.
Жиында орталықтың бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары И.А.Мамедов және Жамбыл облысы бойынша
«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы төрайымы Г.Момбекова сөз сөйлеп , Қазақстан Республикасының Конституциясы адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, жоғарғы құндылықтарын анықтайтын құнды құжат екендігін атап өтіп, мәртебесі биік мемлекеттік мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ көпжылғы жемісті еңбегі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының арнайы төсбелгісін бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары Г.А.Каримоваға табыс етті.Сол секілді денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойына табысты еңбек етіп келе жатқан,орталығымыздың бірқатар қызметкерлеріне төсбелгі,басқарма басшысың Құрмет грмоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.
Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік тілейміз! Аспанымыз ашық, Отанымыз тыныш, еліміз аман болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, көк Туымыз желбірей берсін!