Мектепке жол.
«АМАNAT» партиясы Тараз қалалық филиалы «Сенім» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» партиялық жобасы аясында, Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, мақсатында оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп сөмкесін «Сенім» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы сыйға тартты.
Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға: «Жаңа оқу жылы сәтті басталсын!» деп, тілек айтылды.