Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта дәріс.
Жамбыл облысы білім басқармасының Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері А.А.Османова «Байсалды өмір–бұл бақытты өмір. Сен бұған лайықтысың! Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында оқушылар арасында дәріс жүргізді.Кездесуде оқушыларға зиянды заттар туралы жан-жақты ақпарат айтылып,сұрақтарға жауап берілді.Салауатты өмір салтын қалыптастыру және психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу бойынша ақпараттық-коммуникациялық материал (парақтар, буклеттер) таратылды.