Республика күні!
Баршаңызды ұлы мереке – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының бастауы, халқымыздың азаттығы мен егемендігін айқындайтын тарихи белес. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын, елдік пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың мерекесі.
Ұлттық мереке қарсаңында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Жетібаев Серік Дуйсенәліұлы Орталықтың қызметкерлерін арнайы құттықтап,жылы лебізін білдірді.Мерекеге орай денсаулық сақтау саласында қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар медицина қызметкерлеріне төс белгі,құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыс етілді.Сондай-ақ “QAZMED” РҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Н. О. Махашов қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін медицина қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.
Тарихи әрі идеологиялық мән-маңызы зор,тәуелсіз еліміздің ұлық меркесі баршамызға игілік,бақ-дәулет,ырыс-несібе әкелсін!


