Экран дикторы
Қазақ тілінде синтезатор қосымшасын орнату бірнеше қарапайым қадамнан тұрады.
1-қадам – НВДА бағдарламасын және плагинді https://screenreader.tilqazyna.kz/ сайтынан жүктеп алыңыз.
2-қадам – Жүктелген қалтаның ішінен nvda_2023 бағдарламасын орнату.
3-қадам – НВДА бағдарламасы қосулы күйінде “kazakh_tts-1.nvda-addon” атауындағы жүктелген файлды ашыңыз.
4-қадам – НВДА сізден плагинді орнатуға рұқсат сұрайды, «ИӘ» деп басқаннан кейін, бағдарлама қайта жүктеледі.
5-қадам – Бағдарлама қайта жүктелгеннен кейін, «Параметрге» өтіңіз –(бұдан әрі) Речь – (бұдан әрі) Синтезатор изменить – тізімнен «Kazakh voices» таңдаңыз, содан кейін «ОК» және тағы бір рет «ОК» батырмасын басыңыз.
Бәрекелді, Сіз синтезаторды сәтті қостыңыз!
Таңдау үшін сізге 2 дауыс (еркек пен әйел) қолжетімді. Сондай-ақ, сіз дауыс параметрлерін (дыбыс деңгейі, жылдамдық, биіктік) реттей аласыз. Ол үшін “Категорий-Речь” мәзіріне өтіңіз.
Назар аударыңыз! Қазақ тілінің синтезаторын дұрыс пайдалану үшін Windows жүйесінің тілін қазақ тіліне орнату ұсынылады.
* Барлық сұрақтар бойынша келесі поштаға хабарласыңыз: info@tilqazyna.kz.
*Ақпарат сайттан алынды https://screenreader.tilqazyna.kz/