№ 16 орта мектепте дәріс.
Жамбыл облысы білім басқармасының №16 орта мектебінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері А.Абдикалықова «Байсалды өмір–бұл бақытты өмір. Сен бұған лайықтысың! Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында оқушылар арасында дәріс жүргізді.Кездесуде оқушыларға зиянды заттар туралы жан-жақты ақпарат айтылып,сұрақтарға жауап берілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу бойынша ақпараттық-коммуникациялық материал (парақтар, буклеттер) таратылды.