№14157 әскери бөлімдегі дәріс.
ҚР Қорғаныс министрлігінің «№ 14157 әскери бөлімі» ММ-де «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру аясында іс-шара өтті.Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы психиатр-нарколог дәрігер А. Б. Каимов қатысып, «Алкоголь және есірткі – қылмыстың себебі» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында зиянды заттардың адам өміріне тигізер зияны мен алдын алу туарлы толық ақпарат берілді.Салауатты өмір салтын қалыптастыру және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу бойынша ақпараттық – коммуникациялық материал (парақшалар, буклеттер) таратылды.