Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!
Ағымдағы жылдың 4 маусымы күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай жиын өткізілді.
Жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздердің маңыздылығы туралы кеңінен айтылды.
Тәуелсіз еліміздің нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.Бейбіт елде көк байрағымыз биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!