«QAZMED» РҚБ салалық кәсіподақ өкілдерімен кездесу.
Ағымдағы жылдың 16 маусымында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына «QAZMED» медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ кеңесшісі Е.А.Біртанов және «QAZMED» РҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Н. О. Махашов келді.
Жиында, «QAZMED» РҚБ миссиясы мен мақсаттары баяндалды. Облыстық психикалық денсаулық орталығы ұжымы арасында медицина қызметкерлерін әлеуметтік, құқықтық қорғау оң нәтиже берді. Бұдан басқа, медицина қызметкерлерінің басқа салалық кәсіподақтарымен салыстырғанда кәсіподақ жарналарын жаңа бөлудің қолайлы жағдайлары мен ұсыныстары жасалды: бастауыш кәсіподақ ұйымында 70% және «QAZMED» РҚБ 30%.