АИТВ/ЖИТС бойынша Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай
Бүгін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында орталық қызметкерлері арасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС бойынша Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай. АИТВ тексерілудің клиникалық көрсеткіштері. Тұрғындар арасында АИТВ алдын алу бойынша жүргізілетін іс шаралар. Кәсіби жұқтыруды алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Г.У.Садыбекова, диспансерлік емдеу бөлімінің меңгерушісі Ф.А.Ниязалиева, дәрігер эпидемиолог И.И.Дегтерева баяндама жасады. Семинар барысында АИТВ/ЖИТС алдын алу, ҚР және Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ тестіден өтудің ережелері, көрсеткіштері, АИТВ алдын алудың қолданыстағы нормативтік құжаттары және тағы басқа да тақырыптар кеңінен қозғалды.