«Біз денсаулықты таңдаймыз» 31 мамыр -Дүниежүзілік темекісіз күн!
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары Тараз қаласының оқу орындарында «Біз денсаулықты таңдаймыз» 31 мамыр -Дүниежүзілік темекісіз күн! – тақырыбында жоспардағы дәрістер өткізді. Дәріс барысында темекінің ағзаға әкелер зияндылығы, темекуі шегу қауіпті зиянды әдеттердің бірі екендігі, темекікі шегуге бір рет әуестенген адам оны тастауы қиын болатынын жіті түсіндіріліп өтті. Бұл әуестіктің себеп салдарының адам өміріне тигізер зияны зор, салауатты өмір салтын ұстанған адам денінің саулығы мен алдағы болашағын көлеңкесіз өтуіне ықпал етеді.Зиянды әдеттердің арқасында қауіпті дертке шалдығу қаупі орасан зор екенін, қауіпті дерттің алдын алудың бірден бір жолы қандай да бір жаман әдеттерден аулақ болу керек.