Дүниежүзілік темекісіз күн!
Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні 2003 жылы темекіге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны қабылдаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен өткізіледі. Оған 180 ел қосылды, оның ішінде Қазақстан да бар.
Темекі – бұл үнемі шегетін адамдардың жартысын өлтіретін жалғыз заңды өнім. ДДҰ мәліметтері бойынша, темекі шегумен байланысты түрлі аурулардан жылына 4,9 миллион адам өледі.
Халықтың денсаулыққа темекі шегудің зияны мен осы зиянды әдеттен арылудың қол жетімді әдістері туралы жақсы хабардар болуының арқасында көптеген азаматтар зиянды никотин тәуелділіктен арылуға тырысады.
Темекі шегудің зиянды салдарларына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жыл сайын осы мәселеге арналған екі күн — 31 мамыр (Дүниежүзілік темекісіз күні) және қарашаның үшінші бейсенбісі (Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні) атап өтіледі.
Күніне 20-25 темекі шегетін адам 30 жыл ішінде өзінің өкпесінен 150-160 килограмм темекіні өткізеді және оны аз мөлшерде енгізетіндіктен ғана өлмейді.
Темекі түтіні барлық ағзаларға әсер ете отырып, көптеген ауруларды тудырады және ушықтырады. Статистика бойынша, өлімдердің 45% темекі шегумен тікелей немесе жанама байланысты.
Ғалымдар бір қорап темекі шеккен адам шекті рұқсат етілген радиация дозасын жеті есе артық алады деп анықтады. Ал темекіден шыққан радиация басқа канцерогендік заттармен бірге қатерлі ісіктің пайда болуының басты себебі болып табылады.
Бұған қоса, темекі шегу тісті бұзады, көру, есте сақтау, потенция және т.б. нашарлатады.
Темекі шегетін адамдарда өкпе обырынан өлім-жітім темекі шекпейтіндерге қарағанда 20 есе жоғары. Темекі әуесқойлары стенокардиядан 13 есе жиі және асқазанның жарасынан 10 есе жиі зардап шегеді. Өкінішке орай, темекі қоғам өміріне толықтай енген. Шылым шегу көптеген адамдар үшін жуыну, тіс тазалау, тамақ ішу секілді әдеттегі іс-қимыл ретінде қалыптасқан. Адамдардың 90%-ы темекі шегуді жас кезінен бастайтындарын анықтаған.
Қазақстандық дәрігерлер дабыл қағуда, билікті темекіні тұтынуға қатысты заңнаманы дереу қатаңдатуға шақырады. Темекіні тұтынуға қатысты заңнаманы қатаңдатуы темекі шегушілер санының азаюына алып келеді.
Таяудағы дүйсенбіге қалдырмастан темекі шегуді бірден тастаңыз. Сынуды жеңілдетудің көптеген ақылы және тегін жолдары бар — дәрілер, спрей, жабыстырғыштар, спорт және тағы басқалар.
Көптеген адамдарға осы кезеңді бастан өткізуге монпансье секілді кәмпиттер мен шемішке көмектеседі. Тек темекі тартуды тоқтату керек. Неғұрлым ұзақ күткен сайын, тәуелділік соғұрлым күшейетін болады, демек, темекіні тастау қиын болады.
Никотиннің зиян ықпалынан бас тарта алмағандар — бұл өмірмен қоштасқан. Және Сіздің бұл шексіз тізімде болмайтыныңызға үміттенеміз…