«Дұрыс таңдау жасау ешқашан кеш болмайды. ПБЗ мен суицидтің алдын алу»
Тараз қаласы № 22 орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен аталған орта мектепте ата-аналарға арналған жиналыс өтті. Жиналысқа жоспарға сәйкес Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Л.Абдрасилова және дәрігер психиатр Д.Оспанова қатысып,мектеп оқушыларының ата-аналарына «Дұрыс таңдау жасау ешқашан кеш болмайды ПБЗ алдын алу»және «Суицидтің алдын алу»тақырыбтарында дәріс оқыды.