Жамбыл облыстық психикалық орталығындағы жаңашылдықтар өз жалғасын табуда
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының Аскаров көшесі, 277 мекен жайында орналасқан ғимаратында атқарылып жатқан ауқымды жөндеу жұмыстары өз жалғасын табуда. Материалды-техникалық жабдықтау және аббаттандыру бойынша жоспарларды жүзеге асыру барысында ағымдағы жылдың сәуір айында ғимарат аумағына 300 дана жеміс ағаштары отырғызылды. Сондай-ақ, барлық дерлік ағаштардың түптеріне санитарлық жұмыстар жүргізілді, қоқыстар тазартылды, ғимараттың сырты бөлігі, аумақты қоршаған дуалдар әктелді. Ас блогына косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта жаңғыртылды. Жоспарға сәйкес периметр бойынша толық жарықтандыру жүргізу жүргізу жұмыстары да өз мәресіне жетіп, аумақ толықтай жарықтандырылды.