«Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-ға медициналық көмек ұсынудың шарттары мен тәртібі
Орталық құрымына екі блок кіреді: наркологиялық және психиатрияялық. Олардың құрамында 14 бөлімше, 2 қабылдау бөлмесі, 2 күндізгі стационар, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы бар. Штатта 628,25 бірлік бар, олардың 59 дірігерлер, 232 – орта арнаулы білімді мамандар.
Қызметалушыларды қанағаттандыру үшін 540 орындық стационар жүмыс жасайды (180- наркологиялық, 360 психиатриялық); оның ішінде: ерлер ме әйелдерге арналған соттың шешімі және қаулысы бойынша мәжбүрлеп емдеу орындары бар; ересектерге арналған күндізгі стационар (35 орын). Уақытша бейімдеу және детоксикаия орталығы -40 орын; тәулік бойы жұмыс жасайтын ішімдік пен есірткі масаңдығына сараптама жасау кабинеті; метадомен ауыстыра отырып қолдаушы терапия кабинеті; кеңес беріліп, медициналық терксеру жүргізетін клиникалық – диагностикалық бөлімше.
Қосымша кабинеттер: физиотерапия кабинеті, УЗИ кабинеті, рентген кабинеті, инфекциялық бақылау кабинеті, салауатты өмір салтын насихаттау кабинеті, химиялы- токсикологиялық зертхана, клиниалық – диагностикалық зертхана, тренажер залы, шаруашылық жайлар (асхана, монша, кір жуу бөлмесі, автоклав, қоймалық жайлар).
ҚР ДСМ 10.06.2022ж. бұйрығының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы №ҚР ДСМ-133/2020 «Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» бұйрығына және Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 29.07.2022 жылғы №338-ө «Психикалық денсаулықтың бастапқы орталықтарын қайта ұйымдастыру туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» психикалық денсаулық бастапқы орталығы облыстық психикалық денсаулық орталығының құрылымдық бөлімшесі ретінде қайта құрылды. Барлығы 60 мың және одан да көп халықтың қадамдық қолжетімділігі мен саны есебінен 6 бастапқы психикалық денсаулық орталығы құрылды. №1 Бастапқы орталық психикалық денсаулық орталығының ғимаратында орналасқан. №2,3,4,5,6 бастапқы орталықтар қалалық емханаларда орналасқан.
Орталық психикалық, тәртіптік бұзылушылықтары (науқастары) бар тұлғаларға, сонымен қатар психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық, тәртіптік бұзылушылықтары (науқастары) бар тұлғаларға тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі аясында шұғыл жіне жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетеді.
Медициналық көтсеткіштеріне байланысты тәуліктік медициналық бақылау және емдеуді талап етпейтін азаматтарға, күндізгі уақытта бақылау жасайтын күндізгі стационарда медициналық көмек көрсетіледі.
Медициналық көрсеткіштері бойынша тәуліктік бақылау мен емдеуді талап ететін тұлғаларға тәуліктік стационарда медициналық көмек көрсетіледі.
шетел азаматтарына медициналық көмек шұғыл түрде, пациенттің өмірі мен және қоршаған ортадағыларға қауіп төндірмейтіндей деңгейде медициналық көмек көрсетіледі.
Кәмелеттік жасқа толмағандар мен және сот шешімімен еңбекке жарамсыз деп танылған тұлғаларға олардың заңды өкілдері және қорғаншыларының келісі бойынша медициналық көмек көрсетіледі.
психикалық денсаулық сақтау орталығында мәжбүрлеп емдеу шаралары сот шешімі мен үкімі негізінде жүргізіледі.
Пациентті күндізгі немесе тәуліктік стационарға орналастыру амбулаторлық – емханалық деңгейдегі психиатр – нарколог дәрігердің жолдамасымен, «Госпитальдау бюросы» порталы арқылы зертханалық – саймандық зерттеулердің барынша аз көлемімен қабылданады.
Психикалық, тәртіптік бұзушылығы (науқасы) бар тұлғалар немесе олардың заңды өкілдері ұсынған емнен бас тартуға немесе емді тоқтатуға құқылы.
Ұақытша бейімдеу және детоксикация орталығына құқық қорғау органдарының жолдамасымен ішімдік масаңдығы орташа деігейдегі тұлғалар орналастырылады.
Ішімдік және есірткі масаңдығын анықтайтын кабинетте психобелседі заттарды қолдану немесе масаңдық фактілеріне тәулік бойы медициналық куәландыру жүргізеді.
Апиын тұтынушыларды агонистілермен қолдау кабинеті қолдау терапиясының бағдарламасымен препараттар бере отырып емдейді, бекітілген клиникалық хаттамаға сай әлеуметтік психикалық кеңес береді.
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама
Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Қолайсыз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл – өмірлеріңізге өте қауіпті.
Жарылғыш құрылғылар туралы балаларыңызға айтып отырыңыздар.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.
1. Хатшылар (диспетчерлер, кезекшілер және т.б.) анониммен (хабар берген бейтаныс адаммен) берік байланыс жасауы керек. Ол үшін:
1) өзін таныстыруы (өзінің, әкесінің атын, лауазымын айтуы);
2) сөйлеушіні тыныштандыруға тырысуы;
3) оның талаптары дер кезінде әкімшілікке жеткізілетіндігіне сендіруі қажет.
2. Анонимнің талаптарын анықтауы және қауіптің сипаты туралы ақпарат алуы қажет. Ол үшін:
1) жасырын адамды мұқият тыңдап, барлық талаптарын оның айтуы бойынша жазуы;
2) кез келген сылтаумен оның өз талаптарын қайталауын ұсынуы;
3) анонимге әңгімені неғұрлым көбірек айтқыза отырып, қауіптің сипаты және оның іске асырылу уақыты туралы нақтылайтын сұрақтар қоюы керек.
3. Анонимнің іс-әрекеттерінің себебін анықтау керек. Ол үшін:
1) анонимнің көздеген мақсаты туралы сұрақ қою, осы ретте қатыстылығыңызды сездіре отырып, анонимнің жауаптарын мұқият тыңдау;
2) анонимге өз мүдделерін іске асырудың басқа жолдарын ұсыну.
4. Анониммен байланысты тоқтатар кезде онымен болған әңгіменің маңызды сәттерін қайталап сұрай отырып, талаптарының әкімшілікке жеткізілетіндігін айту керек. Кез келген орынды сылтаулармен оны қайтадан телефон шалуға көндіруге тырысу керек.
5. Әңгіме кезінде әңгіменің фонограммасын жазудың барлық мүмкін шараларын қолдану керек.
6. Болған оқиғалар туралы:
1) «02» телефоны арқылы құқық қорғау органдарына;
2) объекті әкімшілігінің басшыларына хабарлау керек.
7. Егер телефоныңызда нөмір анықтағыш болмаса немесе ол істемей қалса, телефон тұтқасын ілмей, жанына қойыңыз. Басқа телефоннан телефон стансасына қоңырау шалған телефон нөмірін (қалалық, қалааралық) анықтап беруді өтініп телефон шалыңыз.
8. Қауіп-қатер туралы үрей тудырмау және бейкәсіби іс-қимылды болдырмау үшін ол туралы міндетті түрде білулері қажет адамдардан басқа ешкімге хабарламау керек.
- құқық қорғау органдарына хаттың (жазбалардың, дискеталардың, т.б.) сақталуы және оны жылдам жеткізу үшін шаралар қолдануы;
- хаттарды (жазбаны, дискетаны және т.б.) мүмкіндігінше полиэтилен пакетке салуы;
- құжатта саусағының таңбасын қалдырмауға тырысуы;
- егер құжат конвертте болса, оны ашу конверттің сол жақ немесе оң жақ жиектерін қайшымен қию арқылы жасалуы;
- құжаттың өзін, конвертті, оралған затты, барлық қолда барды сақтауы. Еш нәрсені лақтырмауы;
- басқа адамдарға хаттың (жазбаның) мазмұнымен танысуға рұқсат етпеуі;
- хатты (жазбаны және т.б) алған немесе тапқан кездегі жағдайды есте сақтауы;
- алынған авторы беймәлім материалдардың үстінен жазуға, сызуға болмайды. Оларды бүктеуге, умаждауға, тігуге, желімдеуге рұқсат етпеуі;
- алынған авторы беймәлім материалдарды олардың нақты белгілерін (түрін, санын, қандай тәсілмен және неде орындалғанын, мәтіннің қандай сөзден басталып және қандай сөзбен аяқталатын, қол қойылғандығы және т.б), сондай-ақ оларды табу немесе алу жағдайларын нақты көрсетіп, ілеспехатпен құқық қорғау органдарына жіберулері керек.
Табылған заттың жарылыс қаупі болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін белгілері:
- машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерде беймәлім түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;
- машинаның астынан шығып тұрған сым темір, бау, сым, қорек көзі немесе оқшаулау лентасы;
- бөтен сөмке, портфель, қорапша, қандай да болсын зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттың өзгеше орналастырылуы;
- табылған күдік тудыратын заттағы шу (сағат тетігіне тән сипаттағы дыбыс, жиілгі төмен шу);
- Біліп жүріңіз: заттың сыртқы пішіні оның негізгі мақсатын жасырып тұруы мүмкін.Жарылғыш құрылғылар үшінкамуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қорапшалар, ойыншықтар және тағы да басқа заттар пайдаланылады.
- қоғамдық көлікте:
– қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
– заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз;
– егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге (машинистке және т.б.) хабарлаңыз.
- үйіңіздің кіре берісінде:
– көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.
3. көшеде, саябақта және т. б.:
– айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, полиция қызметкерлеріне немесе тікелей ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз;
– құқық қорғау органдары келгенше затты бөгде адамдардан оқшаулауға тырысыңыз. Олар келген соң зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.
4. мекемелерде, ұйымдарда:
– тауып алған зат туралы объект әкімшілігі басшысына дереу хабарлаңыз.
Мыналарға тыйым салынады:
– табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға;
– табылған бөгде затты пайдалануға;
– заттарды орындарынан қозғауға, бір жерден екінші жерге дөңгелетіп апаруға, қолға алуға;
– көтеруге, тасуға, қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
– жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
– заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немес тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
– мүмкіндігінше оған жақын аралықта радио- және электр-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;
– табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.
Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, еңбірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.
Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда, саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.
Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, жасымауға тырысыңыз. Тынышталыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді біреулердің құтқаратынына иландырыңыз. Дыбыс беру және бір нәрсені тарсылдату арқылы адамдардың көңілін аударыңыз. Егер сізғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.
Егер айналаңыздағы кеңістік біршама кең болса, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін сақтаңыз.
Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз. Мұрныңызбен тыныс алыңыз.
Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.
Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:
1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;
2) егер өзіңізді немесе көзіңізді байлап қойса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалдық тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау органдарының кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;
4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда құқық қорғау органдарына көмегі тиеді;
6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;
8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жату;
9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.
Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:
1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алауошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;
3) көшу кезінде егде және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;
4) кіреберіс есікті құлыптап жабыңыз;
5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.
Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:
1)асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;
2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;
4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсімінде белгіленген бағытпен жүріңіз;
5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.